Социум

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі көпшілік назарына ұсынылды

Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері «Кітап ауласында» әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырды

Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі «Есте қалған ертегілер» тақырыбында облыстық мәдениет басқармасының «Кітап ауласында» әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Бұл шараның басты мақсаты – Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мазмұнын халыққа насихаттау. Осы орайда музей қызметкерлері бала кезімізді еріксіз көз алдымызға әкелетін, көне ертегілердің бірі «Мақты қыз бен мысық» ертегісін көпшілік назарына ұсынды.

Ертегі қойылымын тамашалаған қауым әсіресе білдіршіндер өздерінің қуаныштарын жеткізді. Олар осы ертегіні жақсы көретіндерін айтып, музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ал ата-аналар қауымы болса, мұндай тағылымы сол іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр боларын жеткізді.

– Біз әр аптаның сейсенбісінде ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын қала тұрғындарына насихаттау мақсатынды түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізуді қолға алып отырмыз. Оның тәлімді тәрбие беретін шығармалары өте көп. Соларды бүлдіршіндердің жүрегіне жеткізуді басты парызымыз деп білеміз. Әсіресе, ертегі қойылымдары оларға ерекше шаттық сыйлайтынының куәсі болдық, – дейді музейдің бас қор сақтаушысы Назгүл Шектібаева.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77