Новости Образование

Магистратура бойынша грант жүйесі өзгерді

Грантқа ие болғандар өздерінің таңдаған жоғары оқу орындарында білім алатын болады

Үстіміздегі жылы магистратура бойынша мемлекеттік тегін гранттарды бөлу жүйесіне өзгерістер енгізілді деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Жылда магистратураға арналған гранттар белгілі бір жоғары оқу орныдарына бөлініп таратылатын. Биыл бәрі өзгеше. Бұл жолы магистратураға түсу үшін тапсырылатын тесттің қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, грантқа ие болған жағдайда, сол грант арқылы қандай жоғары оқу орнында оқитыныңызды таңдайсыз.
Бұл дегеніміз, яғни грант сізге беріледі, кейін еліміздің қай қаласындағы жоғары оқуға түскіңіз келсе, сонда оқи аласыз.

Сондай-ақ мұндай жүйедегі өзгеріс, соңғы уақытта магистратураға тисілі тегін білім грантының бөлінуіне көпшіліктің көңілі толмағандықтан енгізіліп отыр. Енді сіз бірінші тегін білім гарнтына ие боласыз, содан кейін ол грант арқылы қандай жоғары оқу орнында оқитыныңызды таңдайсыз.

Міне, осындай маңызды өзгерістен кейін мемлекетімізде тегін білім гранттарын бөлу әділ өтетін болады. Тегін білім грантты бөлу жүйесі министрліктің жіті қадағалауда болады.

Сонымен қатар биыл магистратураға 13 мыңдай грант бөлінген. Бұл гранттарды иелену үшін тамыздың 10-нан 15-і аралығында өтетін тестке қатысу қажет. Ұлттық біріңғай тестілеудің ережелеріне сәйкес өтетін тесттен жоғары балл жинағандар ғана тегін грантқа ие болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77