Культура Новости

«Махаббат қызық мол жылдар» атты поэзиялық кеш өтті

Онда өңіріміздің дарынды жастары өнер көрсетті

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында «Махаббат қызық мол жылдар»  атты тағылымды поэзия кеші ұйымдастырылды. Аталмыш шараға өңірге танымал жыршы Қыдырбек Қиысхан, айтыс ақыны Марғұлан Оспанов, «Шабыт» меценаттар сыйлығының иегері Аслан Қанғожин қонақ ретінде қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Жас ақындарға арналған отырысты облыстық театр ұжымы мен Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана бірігіп өткізді. Сондай-ақ 2016 жылы  аталмыш кітапхана жанынан «Ақ қауырсын» әдеби үйірмесі құрылған болатын.

Мұндай әдеби отырыстар, жергілікті халыққа жас ақындардың шығармашылығымен етене таныс болуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта да осындай рухани шараларды өткізуге мұрындық боламыз. Тың жобаларымыз бар. Бастысы, облыста әдеби ортаны жандандыруға атсалысу, — дейді театрдың әдебиет бөлімінің жетекшісі Абылай Мауданов.

Поэзия кешіне театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссері Әлия Баймахан да қатысып, жас ақындардың аяқ алысы жайында өз ойымен бөлісті.

Осынау әдеби кеште қаламын ұштап, поэзия әлеміне енді қадам басып келе жатқан бірнеше жас ақындар және әртістер өз өнерлерін көрсетті. Олардың қатарында Жандос Жүсіпбек, Нұрқанат Бұқабаев, Нұрлыбек Кенжеахмет, Дос Құбаш, Нұрсұлтан Сабыржан, Махаббат Жарбосина, Дәулет Жадырасын, Қарлығаш Сұлтан, Алмас Мұратбек, Данияр Ихсан, Жауынбай Жылқыбайұлы сынды жалынды жастар бар.

Соныман қатар театр сахнасында Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі романы «Махаббат қызық мол жылдар» сахналанып, поэзиялық кештің қонақтара мен қатысушылар спектальді тамашалады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77