Социум

Мал азығы қолдауға мұқтаж болып отырған төрт ауданға жөнелтілді

Көпшілікке белгілі, биыл еліміздің біраз аймақтарында көктем кезінде жаңбыр болмай, қуаншылық орын алды

Бұл жай Қостанай өңірінде де мал өсіріп отырған ағайындарды толғандырғаны ақиқат.
Осындай қиын кездері ағайындарға қол ұшын беріп, дер кезінде көмек көрсету біздің міндетіміз деп түсінген, яғни Бахытбек қажы Тәжімбет бастаған барша өңір имамдары ақылдаса келе, «Қиындықта ел бірге» атты шарапаты өте мол қайырымдылық шарасын өткізді.

«Көп түкірсе көл болар» демекші, дін қайраткерлерінің ұйымдастырған аса маңызды шарасынан жүректері ел деп соғатын азаматтар аянып қалған жоқ. Өздерінің лайықты үлесін қосты. Жалпы 32 тонна шөп жиналды.

– Ел болып осындай қиын шақтарда бір-бірімізге көмек көрсете білсек, ынтымағымыз нығая түсеріне сенімдімін. Діни қызметкерлердің мұрындық болуымен өңіріміздегі аудандардағы мал шаруашылығымен айналысып жатқан жандарға айтарлық көмек көрсетілді, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Осынау мал азығы қолдауға өте мұқтаж болып отырған төрт ауданға жөнелтілді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77