Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев сала үздіктерін марапаттады. Солардың қатарында Қостанай қаласындағы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Манапбек Кәдіровте бар. Өнер иесі президент қолынан “Құрмет” орденін алды.
Манапбек Сапарбайұлы 1986 жылы мектепті аяқтаған соң еңбек жолын бастады. Содан 1994 жылдан бері облыстық филармонияда дәстүрлі әнші ретінде қызметін жалғастырып келеді. Бұл салада жүргеніне 31-ші жылға аяқ басқан екен.
– Бұл орденге лайық деп танылғаныма өте қатты қуаныштымын. Себебі осы жылдар ішіндегі еңбегім мен жетістіктерім еленіп отыр. Бұл марапат мен үшін үлкен шабыт. Қайтадан сол жылдары қалай бастағаным мен кездескен қиындықтарды есіме түсініп, бір толқып алдым. Осындай құрметке мені лайық деп таныған басшылыққа айтар алғысым шексіз, – дейді Манапбек Кәдіров.
Аталмыш жоғары марапат өнер иесінің руханияттың даму үшін қосқан зор үлесінің айғағы. Сала қайраткері 2019 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атты төсбелгісіне де ие болған. Оның айтуынша, бұл жолда білім берген ұстаздарының еңбегі орасан зор.
– 1990 жылы Қ.Сағырбаев атындағы мемлекеттік консерваторияға оқуға түстім. Еңбек жолын ерте бастауыма байланысты оқуым үзіліп қалған еді. Дегенмен 2005 жылы қазіргі Қостанай Өңірлік университетінде музыка факультетін тәмамдам шықтым. Сол жылдары менің өнер жолына сүйіспеншілігімді арттырған, әншілікке баулыған ұстазым-Нұржантанушы, әнші Сыздық Әбілғазин. Сол кісіден әншіліктің қыр-сырын үйрендім. Әлі күнге дейін оның кеңестері мен ақылы мен үшін азық болып келеді,- деп толықтыра түсті.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суреттер Е.Өмірзақов атындағы
филармония инстаграм парақшасынан алынды
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77