Тілдерді оқыту орталығының базасында ашылған клуб қазақ тілін үйренем деушілерді шақырады
Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы базасында «Сөйле Тіме» клубының ашылуы салтанаты өтті. «СөйлеТіме» жобасы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың бастамасымен іске асырылуда.
Клубтың міндеті-қазақ тілін интерактивті қарым-қатынас форматы арқылы жайлы ортада, еркін жағдайда оқыту.
Клубтың ашылуына Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г. Мендекинова, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары М. Сандыбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н. Козлова қатысты.
Клубқа еркін форматта ауызекі сөйлеу тілін үйренгісі келетіндердің барлығы жазылды. Клубтың ашылуы екі бөлімнен тұрды. Салтанатты ашылу және квест-сабақ түрінде өтті. Клуб қонақтары мен мүшелері «Сөйле Time» клубын ашу идеясын жоғары бағалады.
– Мемлекеттік тілді еркін ортада, белгілі бір тақырыпта үйрету өте тиімді екеніне көз жеткізіп отырмыз. Меңдіқара ауданының тұрғындары клуб мүшелерін өте жылы қарсы алды. Қазақ тілге деген қызығушылықтары да жоғары екен. Оқытушылардың әдістерінің көмегімен қазақ тілінде сөйлеуге барыншы тырысып бақты. Олардың ішінде болашақта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді мақсат етіп отырғандары да кездесті, – дейді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Бақытгүл Сүлейманова.
Тіл құрмет, елге құрмет. Болашақта қазақ тілінде сөйлейтін жандардың саны артып жатса, нұр үстіне нұр емес пе.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77