Бұл жаңа тамақ мәзіріне Қостанайлық білім ордалары толық көшкен
Оқу жылының аяғына дейін еліміздегі білім ордаларында жаңа тамақтану мәзірі жасалмақ. Бұл мәзір бүгінде Қостанай қаласындағы мектептерде қолданысқа енген.
Мемлекетіміздегі оқу орындарының 65 пайызы осы жаңа мәзірге көшкен. Олардың ішінде Қостанай қаласының мектептері де бар. Арнайы мамандар мектептердегі асханаларда ұсынылатын жаңа мәзірді жасап шығарған. Сондай-ақ білім орындарында оқушыларға ұсынылмайтын тамақ түрлерінің тізімін шығарды.
Мектептегі асханада газдалған сусында, шұжық өнімдері және жасанды қоспалары бар тағамдарды оқушыларға сатуға тиым салынған. Олардың орнына қолдан пісірілген бәліштер мен жеміс-жидектерден қайнатылған компот ұсынылады.
Жаңа мәзір бойынша дайындалған тағамның бағасы оқушылардың жасына қарай бекітілген. Мәселен, бастауыш сыныптың оқушылары үшін ыстық тамақтың құны 222 теңге болса, жоғары сыныптағылар үшін 260 теңгені құрап отыр. Жоғары сыныптағы баларға тамақ тиісінше көбірек беріледі.
Бұл тағамдарда бірінші кезекте жеміс-жидектер мен көкөністер көп болады. Осылайша оқушылардың ағызасын дәрумендермен қамтамасыз ете отырып, олардың ойлау қабілеттері мен физикалық қозғалысын дамыту көзделіп отыр.
Қазіргі таңда шаһарымыздағы білім ордаларын азық-түлікпен 9 ұйым қамтамасыз етіп отыр. Олар да мектептердегі асханаларға енгізіліп отырған жаңа мәзірмен толық таныс. Сондықтан осы жаңа мәзір бойынша оқушыларды тамақтандырып жатыр.
Мәзірдің жаңа түрі оқушыларға ұнаған сыңайлы. Бүгін де қолдан пісірілген бәліштер мен дәрумендермен толықтырылған ыстық тамаққа сұраныс өскен.
Осы ретте 4 баласы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназияға баратын Айнаш Нұрмұхамбетова осы жаңа мәзірге толық көңілі толатынын айтады.
– Балаларым күнделікті меткепте тамақтанады. Бір күні ыстық тамақ жесе, бірде ет қосылған бәліш пен компот ішеді. Әрдайым мектептің тамағы тәтті болады дейді. Сонымен қатар мектебіміздің асханасында берілетін тамақ түрлері күнделікті аусып отырады. Сондықтан да балаларым сабақ барысында тоқ жүреді. Осыған қарап меткепте берілетін тамақ өте құнарлы деп ойлаймын.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77