Ата-аналар мектепте өткен спрорттық шараға белсенді атсалысты
Қазақ даналығы бойынша «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» – демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады.
Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Орынды тәрбие арқылы оның тұлға болып қалыптасуына, елдің берік тірегі бола алатынына сеніміміз мол.
Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернатының басты мақсаты-мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың білім мен тәрбие алуына бірлесе жұмыс жасау. Лицейімізде өтетін дәстүрлі ата-аналар арасындағы спорт турнирі осының айғағы болмақ. Биылғы жылғы спорт турнирі құндылықтар арқылы оқыту жоспарына сай «Құрмет» айлығына арналды. Аталған құндылық арқылы оқушы бойына достарына, ата-анасына, ұстазына деген құрмет сезімін қалыптастыру міндетіміз болып табылады.
Әр апта сайын жиналып, дайындық жүргізу, команда жасақтау, жарыс алдындағы қобалжу, тіпті жанкүйерлердің де ерекше дайындықпен келуі аталған іс-шараның маңыздылығын көрсетеді. Кәсіби споршылардан кем түспейтін түрлі саланың мамандарын біріктірген-балалары.
Шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол сайыстары арқылы бақ сынасқан додаға әр сынып командаларының мықтылары ұсынылды. Ал спорт турнирінің басты мақсаты жеңімпаз атанып жүлде алу емес, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп пен ата-ана, оқушы үштігінің достығын нығайту, бір-біріне деген құрметін арттыру болып табылады.
Сайыс болған соң жеңімпаздың болатыны белгілі. Нәтиже бойынша 11 «В» сынып ата-аналары командасы шапшаңдықты қажет ететін үстел теннисі мен волейболдан жеңімпаз атанса, 9 «А», 10 «А» сынып ата-аналары ақыл-ой спорты шахмат пен тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды.
Лицейде өткен іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру, ата-аналар үшін қызықты шаралар ұйымдастыру-білім ордамыздың ерекшелігі. Осы орайда ата-аналар қауымына алғысымызды білдіргіміз келеді. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегіміз жемісті болғай!
Г.ЕРМАГАНБЕТОВА,
дарынды балаларға арналған
Білім-инновация
лицей-интернаты
директорының орынбасары
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77