COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

116044

Выздоровевших

130865

Зарегистрированных случаев

5212

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Образование

Мектеп формасы міндетті емес

Оқушылардың «ұқыпты классикалық іскерлік киімде» сабақтарына баруға рұқсат етіледі

Жаңа оқу жылында бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшкен жағдайда мектепте ешкім ата-анадан баласына мектеп формасын алу туралы талап қоймайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп формасы – өзекті мәселелердің бірі. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына мектеп формасына қатысты өзгеріс енгіздік. Біріншіден, мектеп формасы түбегейлі жойылған жоқ, біз оған қатысты «төтенше жағдай кезінде немесе басқа да шектеулі шараларда білім беру ұйымдарына министрлік бекіткен мектеп формасымен келмеуге болады» деген қосымша ереже енгіздік», – дейді бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ Білім және ғылым министрі: «Тәжірибе көрсеткендей, бұл шешімнің де негізі бар. Бизнестің осы түрімен айналысатын ірі компанияларды түсінем. Олардың мұндай қиын кезеңде жаңа оқу жылына дайындалған компанияларды қолдау керектігі туралы үндеуін естідім және оқыдым, бірақ біз 3,5 млн оқушы сабаққа баратынын ескеруіміз керек. Экономикалық және қазіргі жағдайды ескеріп, мектеп формасына да қатысты қажетті жағдай жасау керектігі туралы шешім қабылдадық. Мектеп формалары барлар ол форманы киіп жүре алады, ал мектеп формасы жоқтарға осындай жағдай жасадық», – деді.

Сондықтан оқу жылы басталған кезде мектеп формасы бар болса, соны киіп, жоқ болған жағдайда балаларға «ұқыпты классикалық іскерлік киімде» сабақтарына баруға рұқсат етіледі.

Мұндағы басты мақсат – елімізде енгізілген карантин жағдайында ата-аналардың балаларын мектепке қалай киіндіремін деп алаңдамауы болып отырғаны белгілі.

Бір жағынан баланың қандай киім кигені емес, қандай білім алғаны маңызды екенін ұмытпайық. Сондықтан ата-аналардың мектепке бармай үйде жаңа оқу жылын бастайтын балаларының сабақ үлгіріміне ерекше ден қойғаны абзал.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Фото © Sputnik / Абзал Калиев.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77