Образование

Мектеп түлектері болашақ өмірге қадам басты

Бүгін №32 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен түлектері үшін ерекше күн.

Себебі, он бірінші сынып оқушылары үлкен өмірге қадам басса, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған  бүлдіршіндер жаңа белеске көтерілді. Олар үшін тағы бір оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау үні сыңғырлай естілді.

Мерекелік шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Сайлаубек Ещанов арнайы қатысып, түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәт-сапар тіледі.

– Бүгін түлектер үшін ерекше күн. Сіздер болашақ өмірге қадам басып жатырсыздар. Бұл қуанышты сәттеріңізге ортақтасып отырғаныма қуаныштымын. Мемлекет жастардың білім алуына бар жағдай жасап отыр. Қазіргі таңда бұл мектеп соның жемісі. Тәуелсіз елдің жемісі-сіздерсіздер. Алдағы сыңнан мүдірмей өтіп, армандарыныздын орындалуына тілектеспін,- дейді Сайлаубек Ерғазыұлы.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған бұл заманауи білім ордасында 900 оқушыға лайықталған. Бүгінде мектепте 452 оқушы білім алуда. Биыл мектепті 8 түлек аяқтап отыр. Сонымен қатар, 9-сыныпты тәмамдаушы 31 оқушы бар.

Түлектердің бірі-Алхамхаир Бекзат. Ол аталмыш мектептің алғашқы түлегі. Болашақта ІТ саласының үздігі болсам деген арманы бар.

– Бүгін өмірімдегі ең маңызды күннің бірі. Мен жаңа өмірге аяқ басып отырмын. Ақпараттық қауіпсіздік маманы болуды армандаймын. Астанадағы ІТ университетіне оқуға түсемін деп жоспарлап отырмын,- дейді жас түлек.

Кешегі өткен ҰБТ-дан 104 балл жинаған Бекзаттың ата-анасы болашағынан мол үміт күтетіндерін тілге тиек етті.

– Ұлым жан-жақты, әрі сабақ үлгерімі жақсы. Өзінің таңдауы бойынша 11 жылдық білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қағып отыр. Болашағы жарқын болып, жолы қашанда ашық болсын дейміз. ҰБТ-дан жоғары балл жинап, оқуға түсіп, елге пайдасы тиетін білікті маман болса деген тілектеміз, – дейді ата-ана.

Гүлжан БӨЛЕГЕН,

суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77