Социум

«Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетілді

Бүгінде елімізде көп жылдар қатарынан тоқтаусыз жалғасын тауып келе жатқан «Мектепке жол» акциясының аясында аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балаларына жаны жомарт жандар көмек қолын созып келеді

Осы ретте қаламыздағы №28 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы бірігіп, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында осы мектепте білім алып жатқан аз қамтылған отбасыларының балалары  3 «ә» сыныбының оқушысы Марғұлан Балахмет пен  8 «а» сыныбының шәкірті Дильназ Жатековаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатып алып беріп, жаңа оқу жылына дайындады.

Аталыш білім ордасының директоры Айгүл Қазиеваның айтуына қарағанда, жаңа оқу жылында жалғыз баста ананың баласы Марғұлан Балахмет пен аз қамтылған отбасында өсіп келе жатқан Дильназ Жатековаға көмек қолын созуға мектептегі ұстаздар өздері ұсыныс білдірген. Барлығы 42 мұғалім ақшалай жиналып, балалардың керек оқу құралын сатып алып, ата-анасына табыс еткен.

Жаңа оқу құралға ие болған оқушылар мен олардың ата-аналары көмек қолын созған ұстаздар қауымына өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Жузира Мұсақызы,

№28 мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77