Образование

Мектептерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

Бөлінген қаржыға спорт алаңдары салынып, шатыр жаңартылып, қоршау ауыстырылған

Биылғы жылы қаладағы мектептердің ағымдағы жөндеу жұмысына қомақты қаржы бөлінген. Мамыр айынан бастап бұрын сонды күрделі жөндеу көрмеген білім ошақтары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өтті.

Айталық, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектеп осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмысын көрмеген. Биылғы оқу жылында бұл мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

– Мектептің сыртқы қас-беті жаңартылды. Сондай-ақ, өздеріңіз көріп отырғандай сыртқы ағаш терезелелердің барлығы әктелді. Осы жөндеу жұмытарына 26 млн 500 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Сол қаржыға спорт залдың едені 2 млн 300 мың теңгеге жаңартылып, асхана мен мәжіліс залының терезелері 3 млн 300 мың теңгеге жаңасына ауыстырылды. Бұл жұмыстар мамыр айының сонында бастау алып, тамыз айының сонында толық аяқталды. Жөндеу жұмыстарын «Белый Аист» ЖШС ұйымы жүргізді, – деп атап өтті мектеп директоры Әсемхан Молдахаликов.

Басшының айтуынша, көктем айлары еріген қар суы мектептің жертөлесіне құйылатын еді, жөндеу жұмыстарынан соң іргесі көтеріліп ағын су мектеп ауласында тұраламайтын болған.

Мектепте 1-4 сынып арасында 15 баладан 10 сынып кезекші топта білім алуда. Өзге оқушылар қашықтан білім алуда. Әлеуметтік көмек алатын және көп балалы отбасылардың балалары компьютермен толық қамтылғандығын айтады мектеп директоры.

– Ғафу Қайырбеков атындағы орта мектепте 9 сыныпта балам білім алады. Бұл мектепке 2-ші сыныптан бастап келген болатынбыз. Қазір жеті жылдан асып барады. Балама мұндағы білім беретін мұғалімдер ұнайды. Сапалы білім бар деп айта аламын. Баланың үлгілі оқуы үшін менің ойымша жағдай да жасалуы керек. Мектепке ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын, ата-аналар дән риза. Мектеп екінші үй болып саналады өйткені. Балаларымыздың жайлы орында білім алғанын бізде қалайымз. Осы ретті қалалық әкімдікке және білім бөліміне алғысымды жеткізгім келеді, – дейді ана, Гүлбану Қабимоллина.

Осы сынды ағымдағы жөндеуге №7, 18 мектептер де іліккен. Екі мектептің спорт залдарының едендері ауысытырылып, мектеп шатыры жаңартылған.

Айталық, №18 мектептің негізі 1974 жылы қаланған. Сол жылдан бері мектеп қоршауы осы кезге дейін көне болған.

– Жаз айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектебімізге ағыдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 20 млн 450 мың теңге бөлінді. Ол қаржыға спорт залдың едені, мектеп қоршауы және шатыры толық жаңартылды, – деп атап өтті №18 мектеп-гимназиясының директоры Светлана Гаврилова.

Қаламыздағы 9-шы шағын ауданда орналасқан №7-ші орта мектептің жөндеу жұмыстарына 26 млн 313 мың теңге қаржы бөлінген. Мектеп 1985 жылы салынған, сол жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген, тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген.

– Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Ол қаржыға мектеп ауласынан спорт алаңы салынып, қоршауы жаңартылды. Мектеп ішінде еден мен терезе жаңаға ауыстырылды. Мекепте 1200 бала білім алады, – деп атап өтті мектеп директоры Бахыт Шұғаева.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77