Образование

Мектептің есігі әрқашан отбасы үшін ашық

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы

Жалпы тарихымызға үңіле қарайтын болсақ, барлық дәуірлерде бала тәрбиесінде отбасы маңызды рөл атқаруда. Сондықтан мектеп пен отбасы бірігіп жұмыс істеу өте маңызды. Осынған байланысты бірнеше жыл бұрын мектебімізде «Сүйіспеншілікке толы ата-аналар мектебі» атты отбасылық клуб бағдарламасы өз бастауын алды. Бағдарламаны құрудағы негізгі мақсаты мен міндеттері баланың жеке өсуі мен дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, отбасылық тәрбиені жандандыруға ықпал ету болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру барысында екі жақты өзара байланыс арқылы белгілі проблемаларды шешу жолдарын қарастыру, сонымен қатар ұсыныстар мен шешімдерді қабылдау жұмыстарын атқару көзделіп отыр.

Клубтың бірнеше шарттарына тоқтасақ, біріншіден клуб отырыстары балалардың ата-аналарымен келісім бойынша айына 1 рет (сенбі күндері) өткізіледі. Екіншіден клуб жұмысы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп отыру керек. Осыған байланысты отырыстардың тақырыбында балалар мен олардың проблемалары және ата-аналар мен олардың балаларын тәрбиелеудегі проблемаларына қатысты болуы керек.

Қазіргі отбасылар сапалы және қарама-қайшылықты әлеуметтік жағдайлардың дамуына байланысты боп келеді. Бір жағынан, қоғамның отбасы проблемалары мен қажеттіліктеріне бет бұруы байқалады, бала тәрбиесіндегі оның маңыздылығын нығайту және арттыру үшін кешенді мақсатты бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылады. Екінші жағынан, отбасылық проблемалардың шиеленісуіне әкелетін процестер байқалады. Бұл, ең алдымен, көптеген отбасылардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, балалардың психикасына әсер ететін ажырасулар санының өсуі, толық емес және жалғыз басты отбасылар санының көбеюі. Демек, қазіргі қиын жағдайда отбасына мектеп тарапынан жүйелі және білікті көмек қажет. Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттесу процесінде ғана оқушының жеке басын дамыту мәселесін сәтті шешуге болады.

Тәжірибе көрсеткендей, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық өзекті және сұранысқа ие. Бүгінгі таңда әр мектепте балаларды толыққанды тәрбиелеу үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Бұл ретте педагогтердің оқушылардың ата-аналарымен байланысы үнемі нығайып, жетілдіріліп отыратын педагогикалық ұжымдар барынша табысқа қол жеткізеді. Ол үшін мектеп әкімділігі, мұғалімдер, мектеп психологтары түрлі іс – шаралар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруда. Олар: әңгімелесу, спорттық ойындар, адамгершілік мазмұны бар ойын, ата-аналармен бірлескен мерекелер, конкурстар өткізу, өлеңдер байқауы, шығармашылық көрме, тренинг. Және де ата-аналармен өткізетін жұмыс түрлері: конференциялар, жиналыс, дөңгелек үстел, әңгімелесу, мамандармен кездесу, сауалнама, тестілеу, жеке әңгімелер-қажет болған жағдайда, ата -аналарға арналған дәріс сабақтары «Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы және оның баланың моральдық қасиеттерінің дамуына әсері», «Қатыгездік әлемінде», «Агрессивті мінез-құлық» және т.б тақырыптар жоғары көрсетілген форматтарда жоспарға сай өткізіліп отырады. Отбасына мен мектеп өзара әрекеттесе отыра жұмыс жасауы өте маңызды және үздіксіз болуы шарт.

Отбасы мен мектеп арасындағы іс – шаралар аясында есепте тұрған балалар саны анау жылдан қарағанда екі есеге азайғанын байқадық және ерекше назар тобындағы балалар саны анау жылмен салыстырғанда 30% пайызға азайғаны байқалады. Жылдан жылға ата-аналардың қызығушылықтары артылғаны көрінуде, олар тек мектеп іс-шараларымен шектелмей сонымен қоса сыртқы іс – шаралармен айналысып қалалық, республикалық орындар алуда. Әрине осымен біздің жұмысымыз тоқтамайды, ары қарай өз жалғасын тауып жақсы нәтижеге жетеді деген ойдамын…

Акмарал Сынабаева,
Қостанай қаласының № 11 орта мектебінің педагог-психологі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77