Социум

Мемлекеттік тілді үйрететін «Сөйле Time» клубының кезекті сабағы өтті

Орталық саябақта өткен сабақта тіл үйренемдешілер жаңа сөздерді жаттады

Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапханада «Сөйле Time» клубының кезекті сабағы өтті. Мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған іс-шараға 9 адам қатысты.

Сабақ барысында, қатысушылар орталық саябаққа барып, бірқатар ағаштардың, құстардың атауларымен танысты, өткен тақырыптарды қайталады, есімдіктерді қолданып, диолог құрды, ой жұмбақ шешті, жаңа сөздерді жаттады.

Қазақ тілін үйренуге бет бұрған қауым бұл жолы сабақты табиғат аясында саябақта өткізуді өздері ұсынған. Ашық аспан астында өткен қазақ тілін үйретінің сабақ өте тартымды болды. Қатысушылардың барлығы белсенділік танытып, қазақ тілін бір адамдай меңгеріп қалғандарын аңғартты.

-Мемлекеттік тілге ден қойып, емін-еркін сөйлесем деген жандардың саны артып келеді. Бұл сабақта жаңадан қосылған тыңдаушылар да бұрыннан қазақ тілін үйреніп жүргендері де болды. Олар   бір-біріне көмектесіп жатты. Қазақ тілінің жаңа сөздерімен танысып, жаттап алды. Кейін өзара таза қазақ тілінде пікір алмасты,-дейді «Сөйле Time» клубының кезекті сабағын ұйымдастырушы, кітапхана қызметкері Әсел Байгазина.

Қазақ тілін үйренемдеушілерге «Сөйле Time» клубының есігі айқара ашық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77