Біздің Қостанай

Мемлекеттік бағдарламаның берері мол

Қаламызда «Нұрлы жер» бағдарламасы жүйелі жүргізілуде

Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған «Бес әлеуметтік бастамасы», оның ішінде «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа үндеуінің бастамасын іске асыру мақсатында облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы асында жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Карплюк Сергей Алексеевич баяндады.

Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында облыстағы барлық қаржыландыру көздерінен 330 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отырған көрінеді, бұл 2018 жылмен алыстырғанда 10 пайызға өскен.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғыз айдың ішінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 249,3 мың шаршы метр тұрғын үйді 2 519 пәтер мен үй пайдалануға беру жоспарланған немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110% болмақ. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Осы бағдарлама іске қосылғаннан бері қазіргі уақытта облыста екінші деңгейлі банктерге 5,4 млрд теңге сомасына 740 өтінім келіп түсті, оның ішінде 3,5 млрд теңге сомасына 486 өтінім мақұлданды, – деді облыс әкімінің орынбасары Сергей Алексеевич.

Осы бағдарлама бойынша облыста 7 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Олар «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Jysanbank» АҚ (бұрынғы Цесна Банк»), «Сбербанк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ. Бұл бағытта жетекші орынды «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Жинақ банкі» АҚ алып отыр.

Биылғы жылы салынып жатқан 11 үйдің 1233 пәтер «БК-Строй» ЖШС «Юбилейный» ықшам ауданында 252 пәтерді «7-20-25» бағдарламасы аясында берді. Бүгінгі таңда 208 пәтер сатылған.

– Кепілдендірілген несиелер есебінен салынатын несиелік үй пайдалануға берілгеннен кейін, Қостанай қаласының әкімдігі «Юбилейный» ықшам ауданындағы №6 үйдегі 49 пәтерді сатуға екінші деңгейлі банктерді беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Қостанай облысында «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға алғашқы жарна ретінде «Пайызсыз несие беру» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Тобол ӘКК» АҚ жарғылық капиталын толтыру арқылы бұрын іске асырылған жобалардан үнемделген қаражаттың қайта бөлінуі есебінен жүзеге асырылады, – деді Сергей Карплюк.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қостанай облысының әкімдігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арасында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылары, атап айтқанда медицина қызметкерлері үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сату туралы келісімге қол қойылған.

– Қазан айының алғашқы жетісінде  «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 54 пәтер сатып алуға тендер жариялауды жоспарлап отыр. Конкурс жарияланған күннен бастап бір ай ішінде келісім жасалмақ. 3 жыл ішінде кейіннен медицина қызметкерлеріне беру үшін 350 пәтер сатып алу жоспарлануда, – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77