Социум

Мемлекеттік органдардағы «сенім телефондарының» қаншалықты жұмыс істейтіні талқыланды

Шара барысында бірқатар мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты жандандыру тапсырылды

Әдеп жөніндегі кеңеспен «Мемлекеттік органдарда «сенім телефондарының» жұмыс істеуіне талдау жасау қорытындылары туралы» мәселе қаралды.

Департамент Әлеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «ГрИН» Азаматтық Альянсы ҚҚ төрайымы Динара Өтебаевамен бірлесіп, облыстық 72 мемлекеттік органдағы «сенім телефондарының» тиісті түрде жұмыс істейтіні, ал қалған 20-да жасанды сипатта екені анықталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер сенім телефонына жауап берген кезде өздерін таныстырмайды немесе азамат қандай мемлекеттік органға қоңырау шалғанын хабарламайды, сондай-ақ «сенім телефоны» жауап бермейтін фактілер де бар.

Сонымен қатар Қостанай облысының аппаратында, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, Кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық даму басқармасында және Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету депатаментінде «сенім телефондары» тиісті деңгейде жұмыс істейді,-деп хабарлады Әдеп жөніндегі кеңестің мүесі-баяндамашы Динара Өтебаева.

Қорытындылай келе, Әдеп жөніндегі кеңес облыстың барлық мемлекеттік органдарына мемлекеттік қызметшілерді телефон әдебі бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстыру, «сенім телефондарының» жұмысы бұзылған мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты жандандыру және рөлін арттыру бойынша ұсынымдар шығарды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77