Социум

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы өтті

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде ойларын еркін жеткізіп, ұлттық аспапта ойнады

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жыл сайын 6697 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында концерттік байқау ұйымдастырылып келеді.

Шараның барысында түрлі ұлт өкілдерінен құралған әскери қызметшілер қазақ тілін қаншалықты менгергендерін көрсетіп, түрлі номинациалар бойынша өзара сынға түсті. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға жауап берді. Қазақ тілінде өздерінің ойларын еркін жеткізіп, жиналған қауымның таңданысын тудырды. Сондай-ақ ұлттық аспапты меңгергендері өнерлерін ортаға салды.

Мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің өнерін әділ бағалап, жүлделі орындарды табыс еткен қазылар алқасының қатарында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Дәурен Жұмақанов болды.

– Мен бүгінгі байқауда әскери қызметкерлердің ұлты өзге болса да, өздерінің Отандарын сүйетіндерін, елінің тіліне деген құрметін байқадым. Олар қазақ тілінде еркін сөйлеп, ән шырқап, көпшілікті таң қалдырды. Бұл бірінші кезекте олардың өз елінің патриоты екенін білдіреді, – деді басқарманың бас маманы Дәурен Жомартұлы.

Тілі басқа, тілегі бір жандардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы еріксіз көкейімізге қуаныш ұялатты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77