«Мемлекеттік тіл — ортақ қазына!»

«Мемлекеттік тіл — ортақ қазына!»

Комментарии к записи «Мемлекеттік тіл — ортақ қазына!» отключены


Тіл мерекесіне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен өткен шараға зиялы қауым, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және жастар қатынасты.

– Қазақ үшін ерекше айтулы күн, өйткені бұл күні қазақтың данасы, ағартушы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы мерекеге арналып, еліміздің түкпір-түкпірінде ісшаралар өткізіліп жатыр. Бізде, қыркүйек айында облысымыздың аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарында, тілдер күніне орай жүзге жуық шара ұйымдастырамыз. Жақында ғана, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында, қазақ тілі оқытушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов» атындағы республикалық «Үздік оқытушы» атты облыс деңгейіндегі байқау өтті. Бұл байқау 2018 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Дәл бүгін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» кеңсесінде «Мемлекеттік тіл – ортақ қазына!» тақырыбы аясында келелі мәжіліс өткізіп отырмыз, – деді Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру мақсатында, Қазақстан халқының мәдениеті мен тілін насихаттау, достық пен қоғамды этносаралық келісімді нығайту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздеген шара болды.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында, қазақ тілі енді Ұлт аралық қатынас тіліне айналуға тиісті, соған біз келдік, жеттік соған қажеттілік туындап отырғанын жеткізді. Шын мәнінде де күнделікті өмірде байқап отырғанымыздай, басқа этнос өкілдері қазақ тілін біледі, көбі түсінеді, бірақ сөйлемейді. Біздің алдымызда тұрған мәселе тілді үйрету, тілді үйрену, тілді меңгеру, сол тілде сөйлеу.

Тіпті өзіміздің ұлттың өкілдері биік мінберлерден ана тілінде неге сөйлемейді деп қынжылған уақыттар да болған. Енді олар біртіндеп ана тілінде сөйлеп жатыр.

Екінші мәселе тағы туындады, ол неге олар дұрыс сөйлемейді, неге мәдениетті сөйлемейді, неге орынды сөйлемейді деген талаптар біздің буын өкілдерінен болып отырды.

Бұл кісілердің біртіндеп сөйлеуі, қоғам тарапынан қызметкерлерге талап қойуы заңдылық, осыны заңдастыруымыз керек. Президентіміз алғашқы болып қадам жасады. Мемлекеттік тіл, Ұлт аралық қатынас тіліне айлануы керек деді. Оны қажеттіліктен туындап отыр деп айтуымызға болады. Қоғам оған дайын, – деді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып.
Айта кету керек, тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып бекітілуінің өзіндік мәні бар.

Бұл күн – қазақ әліпбиінің негізін салушы, Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Loading...

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись