Новости Образование

Мемлекеттік тілде оқытатын – білім ордасы 900 оқушыға арналған

Қаламызда мемлекеттік тілде білім беретін №28 мектеп гимназиясы ашылғалы отыр

Білім ордасының ондағы жөндеу жұмысы аяқталуға таяу. Мектеп ғимаратының жай-күйімен «Біздің Қостанай» газетінің тілшілері танысып қайтқан болатын. Біз барған уақытта ғимарат ішінде жұмыскерлер ішкі жұмыстарды жасап жатыр екен. Сондай-ақ, қалалық білім бөлімінің басшысы Ибраева Айман Елеманқызы мен мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Қазиева Айгүл Айтқожақызы екеуі мектеп ішіндегі атқарылып жатырған жұмыстарды пысықтап жүр екен.

Айман Елеманқызының айтуы бойынша білім ордасына күніне бір рет бас сұғып, жұмыстың жай-күйін бағамдап қайтатын көрінеді.

– Мен күніге мектептің жөндеу жұмысымен келіп танысамын. Қазіргі таңда мектептің сыртқы қас-беттері, шатыры және өзге де ауқымды жұмыстары аяқталды. Ендігі ішкі кішігірім жасайтын жұмыстар істелініп жатыр. Мектептің жөндеу жұмысына 160 млн теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлінсе, 90 млн теңге әр түрлі қаржы тарту көздерінен алынып отыр. Негізі мектеп 900 оқушығы арналған, бастапқыда 500-ге жуық оқушыны әкеліп оқыта бастаймыз, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айман Елеманқызы.

Жаңа нысанға негізінен Қостанай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 5-11 сыныптары және №5-ші бастауыш мектеп гимназиясының оқушылары ауыстырылып, таза қазақ тілінде білім алатын болады.

– Бұрын бұл жерде өзге оқу орын болатын, қазіргі таңда осы ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмысы шілде айынан басталған болатын. Содан бері  ғимарат іші-сыртында ауқымды жұмыстар атқарылды. Барынша оқушылардың білім алуына жағдай жасалуда. Айталық,  мектеп жиһаздары, жаңадан физика, химия, билология, информатика кабинеттері талапқа сай жасалуда. Заман талабына сай IT-технология, робототехника кабинеттері жабдықталып жатыр. Оқушылардың зертханалық, тәжірбиелік жұмыстарына арналған құрылғылар бар, – деді мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы  Айгүл Айтқожақызы.

Осы жұмыстардың барлығы қалалық әкімдік пен қалалық білім бөлімінің қолдау көрсетуінің арқасында жүргізіліп жатырған көрінеді.

– Ендігінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына жақын қалды десе де болады. Негізінен қазан айының 20-21 күні оқушылар жаңа мектеп табалдырығын аттайды деп жоспарлап отырмыз. Алайда, 21-ші қазан күні оқушылар сабақтарын дәстүрлі қалыпта жалғастыра береді, мектептің салтанатты ашылуы қараша айының 4-ші жұлдызына жоспарланып отыр, – деді Айгүл Айтқожақызы.

Бұл мектепте барлығы 25 сыныптық  1-11 сынып аралығында оқушылар оқытылатын болады. Сонымен қатар, екі мектеп алды даярлық тобы бар.

– Біздің оқушыларымызды оқытып жатырған Қостанай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің және №5-ші мектеп гимназиясының мұғалімдері. Мемлекеттік тілде сабақ беретін мұғалімдер оқушылармен бірге толық осында көшіріледі. Қазірдің өзінде информатика, математика, алғашқы әскери тарихы, мектепке дейінгі білім беретін ұстаздарды және психолог жас маманды жұмысқа қабылдап отырмыз Ары қарай мұғалім жетіспеушілігі туындаған жағдайда мамандық бойынша жұмысқа қабылдайтын боламыз, – деді Айгүл Қазиева.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77