Біздің Қостанай Социум

Мемлекеттік тілде труппаның ашылуына үлес қосу үшін Алматыдан қонақтар келді

Жыл соңында облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали атам өткендей, Қостанай облысындағы қуыршақ театрының көрермендері қазақ тілінде қызықты қойылымдарды тамашалайтын болады.

Осыған байланысты қаламыздағы қуыршақ театры өз жұмыстарын бастап кетті.

– Театрға Алматы қаласының Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжінің жас актерлері Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин келді. Олар біздің театрға жаңа қуат әкеліп қана қоймай, мемлекеттік тілде қойылымдар жасауға қатысады. Бұл қазақ труппасын құру жолындағы маңызды қадам, – дейді қуыршақ театр ұжымы.

Актерлермен бірге жоғарыда аталған колледждің «Актерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері Майса Омарбекқызы Утебаева келді.

Тәжірибелі ұстаз театрдың шығармашылық құрамымен қуыршақты қимылға келтіру бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77