Наш город

Мен ұстазыммен мақтанамын

Біліммен қатар ұлағатты тәрбие беру ұстаздың даналығын білдіреді

Мен Аслан Молдахметов, Қостанай қаласының ЖБММ-ның 2022 жылғы түлегімін. Осы уақытқа дейінгі аралықта Қостанай ауданының Алтынсарин БММ химия пәнінің мұғалімі менің мектептегі үлгі тұтар ұстазым – Балабаева Аимкуль Куанышбековна деп айта аламын.
Ол кісі мен үшін жақсы тәрбие мен өнеге бере білді. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, химия пәнін меңгере бастағаннан – ақ ұстаздық мейірімін төге білді. Өзінің білгенін маған үйретіп, білімді азамат болып қалыптасуыма зор үлесін қосты. Жайдары жүзді, ақжарқын тұлға боп есімде қалды. Аимкуль Куанышбековна мені түрлі пәндік олимпиадаларға қатыстырып отыратын. Бүл мен үшін мектептегі ең жарқын әрі қызықты сәттер еді. Сол кездері химия пәнінен аудандық олимпиададан 3 орын алдым. Кейін облыстық олимпиадаларда бағымды сынап, Нұр-Сұлтан қаласына II кезеңге жолдама алған болатынмын.

Ұстаз ретіндегі маман екенін осыдан байқадым. Адами құндылық жағынан да апайым тек жақсы ой қалыптастырды. Әрдайым оқушының ойымен санасып, оқушы ретінде ғана емес өз баласындай көріп, сырласатын. Әр кез өз шәкірттерінің жеткен жетістіктерімен мақтанып, марқайып отырады. Өз қуанышындай қуана біледі. Менің болашақ мамандығымды таңдауыма да өз септігін тигізді. Оқушыларымен өз балаларындай сырласуы тек мектеп кезінде ғана емес, үлкен өмірге де қадамымыздың нық басуына септігін тигізді.
Мен өз ұстазыммен мақтанамын және осындай мұғалім маған сабақ пен тәлім-тәрбие бергеніне ризамын.

Ведущая проекта
Полина ШКАРУБО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77