Мәдениет пен өнер болған жерде адамзат мәңгілік жасайды
Қазақта өнер десе ішкен асын жерге қояр мықты жанұялар, өзгеге өнеге болатын адамдар өте көп.
Бүгінгі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің кезекті қатысушылары Камаловтар отбасы. Камаловтар отбасы Кеңес Одағы дәуірінде Науырзым ауданы, Қостанай, Комсомол совхозын мекен еткен Камаловтар әулеті елге өнерімен, өнегесімен танымал болған. Қаламыздың тұрғындары Камаловтар жанұясының бәйтерегі Хасенғали Камалов сонау 1970 жылдардан совхоздың мәдениет үйін басқарып, көркем өнерге жетекшілік еткен азамат. Оның айтуынша, совхоз көркемөнерпаздары сол кезеңдерде өнер байқауларында бірнеше дүркін жеңімпаз атанған. Хасенғали атамыз бен Бибікен апа дүниеге бес бала әкеліп, қатарға қосқан жандар. Өмір жолында өнерден бөлек салаларға басшылық жасағанымен де, Хасенғали атамыз өнерді әрдайым жанына серік ете білген. Балалары өсе келе сол кездері өзінің отбасылық ансамблін құрған екен. Айтуынша ансамблдің ең кіші мүшесі сол кезде небәрі үш жастағы кенже қызымыз Дана болатын дейді. Ансамбль талай мәрте облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі болған. Сонымен қатар Хасенғали атамыз балалар айтысына да жетекшілік етіп, жас таланттарға қолдау білдірген. Бүгінде облысымызда басшылық қызметте жүрген Ерлан Қалмақов та өзінің шәкірті екенін мақтанышпен айтады.
Бүгінде аталмыш отбасының балалары мен немерелері де өнерден құр алақан емес. Үлкен ұлы Бауыржан Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының күйшісі, ансамбль жетекшісі, келіні Айнұр қаламыздағы № 24 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Олардың кенжесі Елнұр да домбыра тартып, күй шертеді. Немерелерінің алды Ескендір Қостанай жоғары политехникалық колледжін тәмамдауда, Самал Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының биылғы жылғы түлегі, Маржан М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің 9 сыныбында оқиды. Хасенғали атамыз бен Бибікен апа зейнетте, олардың өнері мен өнегесін ұрпақтары жалғап келеді. Камаловтар отбасында бала тәрбиесі де алдыңғы қатарда. Әрдайым, үлкенге құрмет, кішіге ізет, сыйластық пен мейірімділік деген түсінік ерекше орын алады.
Отбасы құндылығы мен салт-дәстүрді де берік ұстана білген жандардың шаңырағында қонақжайлылық басты орында екенін де айта кеткен жөн болар.
«Мəдениет пен өнер болған жерде адамзат мəңгілік жасайды» деп неміс ғалымы Эйнштейн айтқандай, бұл өнер ауылында артында қаншама із қалдырып, есімі тарихта алтын əріптермен жазылған қаншама отбасылар бар. Солардың қатарынан ойып тұрып орын алатын жанұя – əрине, Камаловтар деп ауыз толтырып айта аламыз.
Жан ШАЙМЕРДЕН,
сурет отбасылық фотоальбомнан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77