Новости События

Мереке қарсаңында пәтер кілттері табыс етілді

Бағдарлама аясында 51 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Қостанайда 8-наурыз мейрамы қарсаңында «Юбилейный» ықшамауданында орналасқан №7 тұрғын үйдің кілттері табыс етілді. Бұл баспаналар қоныстанушыларға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілді.

Жаңа салынған үйдің кілтін табыстауға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

– Баршаңызды 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Бүгін біз Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көп балалы аналарға жаңа пәтер кілтін тапсырғалы тұрмыз. Одан да бөлек аз қамтылған отбасылар да пәтерге ие болады. Бұл үйдің құрылысына 904 млн теңге жұмсалды, ал, пәтер саны 144 оның 79-ың бүгін тапсырамыз және 51-і көпбалалы аналарға беріледі. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 370 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Пәтер иелері мемлекеттік бағдарламаның шарты тиімді екенін айтады. Жылдық 2 пайызбен 20 жылға дейін беріледі, бастапқы жарнасы 20 пайызды құрайды.

– Бүгін «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойыша 3 бөлмелі пәтерге ие болдым. Баспанаға ие болу үшін 2017 жылдан бастап «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінен депозит ашып қаражат жинай бастадым. Бастапқы жарнасы 20 пайызды құрайды, мен 15 жылға алып отырмын. Айлық төлем 50 мың теңге болады, – дейді жаңа пәтер иегері Алия Едіресова.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Абил ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77