Ақ халатты абзал жан болу — үлкен жауапкершілікті талап ететін мәртебелі мамандық. Бір адамның өмірін сақтап қалуда дәрігердің ғана емес, мейірбикенің де еңбегі зор. Бүгін — Халықаралық мейірбикелер күні. Осыған орай, өз ісіне адалдықпен қарап, 28 жылын медицина саласына арнаған Гаухар Жәкешқызы жайлы сыр шертпекпіз.
Гаухар Шагирова «Қостанай жоғары медициналық колледжінде» емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Докучаево ауылындағы жедел жәрдем қызметінен бастаған. Кейін тұрмыс құрып, Аманкелді ауданына қарасты Бүйректал ауылына қоныс аударып, сол жерде 25 жыл бойы адал еңбек етті. Қазіргі уақытта Тобыл қаласындағы Қостанай аудандық ауруханасында педиатриялық учаскелік мейірбике болып жұмыс істейді.
– Маман тапшылығына байланысты фельдшер, акушер, мейірбике қызметін қатар алып жүрдім. Ауыл аудан орталығынан алыс орналасқан соң, түрлі қиындықтар кездесетін. Жолдың болмауы, дәрі-дәрмектің уақытылы жеткізілмеуі үлкен мәселе болды. Ауру науқастарды ауданға жеткізудің өзі қиын еді. Бұл мамандықта қиындық пен қызық қатар жүреді. Қанша қиындық көргенімізбен, есте қаларлық жақсы сәттер де аз болмады, – дейді Гаухар Жәкешқызы.
Кейіпкеріміздің айтуынша, бала кезінде ата-анасы оның мұғалім болғанын қалаған. Дегенмен, дәрігер болсам деген бала арманы жеңіп шыққан. Бұл арманның тууына ата-анасының жиі ауырып қалуы себеп болған.
– Ата-анам жиі сырқаттанып қалатын. Сол кезде ауылдағы жалғыз фельдшерді шақыратынбыз. Ол кісіге қарап, қызығатынмын. Содан бастап менің бойымда «осы кісі сияқты боламын» деген мақсат пайда болды. Ата-анама, халқымның денсаулығын жақсартуға аз да болса үлесімді қоссам екен деген ой жүрегімде берік орнықты. Қазір бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, – дейді ол.
Гаухар Жәкешқызы жолдасымен бірге үш бала тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда немере сүйіп отырған ардақты әже. Балалары жоғары білім алған, түрлі салада еңбек етуде. Бірі — мұғалім, енді бірі ана жолын жалғаған. Үлкен қызы да қазіргі таңда сол ауруханада терапевт-дәрігер болып қызмет атқарады.
– Мейірбике болу – жай ғана кәсіп емес, бұл – жүрекпен сезініп, жанмен жасалатын жұмыс. Олар науқастың жай-күйін бағалап, дәрігер мен науқас арасындағы алтын көпір іспетті. Мейірбикенің көзінен жылулық, дауысынан сенімділік байқалады. Бұл қасиеттердің бәрі де Гаухар Шагирова апайдың бойынан табылады. Өз ісіне адал, көмегін ешкімнен аямайтын, жүрегі кең жан, – дейді жас маман Ұлжан Саянқызы.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған кейіпкер
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77