Социум

Мешіт ұжымының бастамасымен аз қамтылған 200 отбасына қайырымдылық шаралары жасалды

Бұл жанұяларға азық-түлік қоржындары мен киім-кешектер табыс етілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері өткен қазан айында да қажырлы еңбек етіп, өңірдегі көмекке мұқтаж жандардың алғысына бөленді.

Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, наиб имам Бақытжан Икрам өткен қазан айында жалпы облыс бойынша тек ғана мешіттерден 200 отбасына қайырымдылық шаралары жасалды.

Атап айтқанда, азық-түлік қоржындары мен киім-кешек те табыс етілді. Сондай-ақ жолда қалып қойған азаматтардың да өтініштері қанағаттандырылып, қаржылай жәрдем көрсетілді.

 -Жалпы, аталмыш шараларғы барлығы 1 млн 539 мың 100 теңге қаражат жұмсалды. Бұл орайда өңірдегі жүрегі жомарт демеушілердің белсенділік танытқандықтарын атап өткен жөн, – дейді «Зекет және қайырымдылық» қорының төрағасы Бақытжан Икрам.

Мешіт ұжымы соңғы жылдары көмекке зәрі жандарға барынша қол ұшын беріп, қолдап келеді. Қайырымдылық ұлы іс. Осыған орай, басқа жанға бақыт сыйлап, сауабын алғанға не жетсін.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77