Біздің Қостанай Социум

Митинг тәжік-ауған шекарасына арналды

2001 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының 24-ші дербес  атқыштар батальоны Тәжікстан Республикасынан өз Отанына шығарылды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының сыртқы шекарасын бірлесіп күзету жөніндегі мемлекет басшыларының келісіміне орай, басым бөлігін шекарашылар құраған қазақстандық дербес атқыштар батаольны тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарды.

Қазақстан батальонын тәжік-ауған шекарасынан шығару күніне арналған митинг шекарашыларға арналған мемориалдық алаңда өтті.

Шара барасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары подполковник С.Толеуханов, Қостанай облысындағы “Застава тарландары” ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Қ.Молдағалиевтер сөз сөйледі. Сонымен қатар шақырулы қонақтарға да сөз кезегі берілді.

Калай-Хумб шекара отрядының учаскесін күзетуге тәжірибелі және осыған дейін Ауған соғысындағы ұрыстарда шыңдалған офицерлер іріктеліп жіберілді. Қазбаттың 5 рота, 500 жуық әскери қызметші ерлікпен қызмет атқарған болатын.

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77