Кішкентай балалар «Синий трактор» мен сандар, түстер туралы тек орысша көретін еді
Балалардың екінің бірінде телефон бар. Ютубтан видео қосып қойып, түрлі видеоларды қарай бастайды. Бірі бір бағыттағы видеоларды қараса, бірі қызықты санамақ немесе бір нәрсені үйрететін видеоларды қарайды.
Қазіргі таңда шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударып жатқан жандар көп. Бұрын бұл бір үлкен мәселе болса, қазір қай жерді қоспасанда қазақ тілдіндегі мультфильмдерді көре аламыз. Мультфильмдер балалардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Олар оған өсуге, әлемді білуге, мейірімді болуға үйретеді. Мультфильмдер баланың ойлауын жақсартады, оның алдында жарқын реңктер мен күлімсіреу әлемін ашады. Олар маңызды мағынаға ие және мұны әр ата-ана білуі керек.
-Иә, менің балам бұрын «Синий трактор» мен сандар, түстер туралы тек орысша көретін еді. Қазір қазақ тілінде шығып оларды да қарап жатыр. Оған қоса ағылшынша әндерде қазақшаға аударылыпты. Өте жақсы, әйтпесе, балапанда ғана қазақша болатын еді, – дейді кішкентай баланың анасы Лейла Шебекова.
Мультфильм – бұл қоршаған әлемнің үлгісі, сондықтан балалар экранда көргендеріне еліктейді. Бұл үлгі әрқашан лайықты ма, жоқ па, әрине, ата-аналарға байланысты. Рас, баланың өмірінде мультфильмдер не үшін қажет? Олар оларды не үшін жақсы көреді? Психологтар мұндай махаббаттың бірнеше себептері бар дейді. Әрине, барлық мультфильмдер бірдей жасалмайды. Көп нәрсе бала тәрбиеленетін және өмір сүретін отбасының мәдениеті мен интеллектіне байланысты. Мультфильмдер-бұл ақпарат деп айта аламыз.
-Шетелдік, атақты мульфильмдер қазақ тіліне аударылған. Немерем барлығын қарап отырады. Бұрын «Балапан» телеарнасында программалар көп еді. Қазір мульфильмдер көп. Қазақша болғандығы қандай жақсы, әр жүрлі жануарлар жайында да өзіміздің тілімізде айтылып жатыр, – дейді Бибінұр әже.
Шынымен де, шетелдік мульфильмдердің қай қайсының аудармасы бар. Алайда, кейбір аудармалар дұрыс жасала бермейді. Ата – аналардың айтуынша, басқа проблема бұл кинотеатрдағы аударма. Кейбір балалар аударманы оқып отырады екен. Ол жеоде қазақ тілі мүлдем дұрыс аударылмайды. Калька аудармалар өте көп. Оны ешкім тексермейді. Мұны тек үлкен кісілер ғана емес балаларда байқап жатады екен.
Аяжан СЕРІК,
сурет ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77