Культура Новости

«Музей түні-2019» қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды

Онда әртүрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні-2019» интерактивті акциясы болып өтті.

Бұл акция барысында «Елін сүйген Елбасы» атты көрме мен «Қызғалдақтар – Ұлы дала символы» деп аталатын фотокөрме салтанатты түрде ашылды.

Осы іс-шараға арнайы келген қала тұрғындарына этнографиялық театрландырылған ойын бағдарламасы, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз көрсетілді.

Әсіресе, «Қазақ тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі аттармен серуендеу, жанданған түрлі-түсті картиналарды тамашалау, йогадан, үнді биінен шеберлік сағаттар сонымен қатар фламенко және зумбалар жиналған қауымның көңілін бір көтеріп тастады.

Сондай-ақ «Балалар келбеті» және «Жануарлар патшалығының тәжі» атты эксклюзивті көрмелерге қызығушылардың саны көп болды. «Музей жәдігерлерін анықтау» деп аталатын көрме аға буын өкілдерінің де ерекше қызығушылығын тудырды. Бұған жергілікті халық көп жиналып, өздерінің таңданыстарын білдірді.

Кішкентай музей келушілеріне арналған «Сюрприз» театрының көрінісі мен «ShowBooom» баларды қуанышқа бөлеу бюросының таңғажайып сыйлықтары бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Музей түнінің қонақтарының назарына балдырғандарға арналған ойын алаңы, әсерлі ән-би бағдарламалары, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі және басқа да әсерлі дүниелер ұсынылды.

Биылғы «Музей түні» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77