COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102219

Выздоровевших

107450

Зарегистрированных случаев

3470

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Социум

Музей қызметкерлері қашықтықтан зияткерлік-танымдық ойын өткізді

Бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздеріміздің мән мағынасы түсіндірілді

Еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілері үшін «Тәуелсіз елдің төл белгілері» атты қашықтықтан зияткерлік-танымдық ойын өткізді.

Мерекеге қатысушылар слайд-бағдарлама арқылы мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы жайында толық мәлімет алды. Онда белгіленген белгілерде қандай мән жатқанын түсінді. Сонымен қатар рәміздердің авторларымен де танысты. Олар музей қызметкерлерінің ұйымдастырған танымдық жағы мол ойындарына үлкен қызығушылық танытып, белсенді атсалысты. Жалпы, баланы тәрбиелеудің де қыр-сыры өте көп. Оларды осындай ойын түрлері арқылы да тәрбиелеуге болады.

Осынау шараның бастамасында жүрген музей қызметкері Батықгүл Мұратбекованың айтуына қарағанда, келешек ұрпақтың еліміздің елдігін танытатын, мемлекеттік рәміздерімізді толық біліп жүргені абзал. Олардың бойына кішкентайынан патриоттық сезімді орнату арқылы ғана елім, жерім дейтін намысты жастарды тәрбиелеп шығуға болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77