Культура

Музейде «Акварельдің шынайы түстері» атты шеберлік сабағы өтті

Мұнда жиналған көпшілік суретшіліктің қыр-сырымен танысты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қостанайлық танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Александр Захарченковтың «Акварельдің шынайы түстері» атты шеберлік сабағы өтті.

Суретші қылқаламның асқан шеберлігін, пейзаждық кескіндеме жасауда өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Ол суретші жұмысының ерекшелігі, шығармашылық ізденісі, авторлық қолтаңбаның ерекшелігі туралы айтып, акварель техникасын меңгеруді бастаған суретшілерге кеңес берді.

Шеберлік сағатына жиналған көрермендерге пейзаж және басқа да композицияларды салудың қызықты шығармашылық процесін байқауға мүмкіндік берілді. Бұл суретшіліктің қыр-сырын үйрететін сабақтың ерекшелігі болып табылады.

-Біз қала тұрғындарына арнап осындай шеберлік сағаттарын үнемі ұйымдастырып тұрамыз. Бұл біріншіден сурет салуға қызығушылық танытып жүрген жандар үшін үлкен мүмкіндік. Аталмыш шеберлік сабағында белгілі суретшіні арнайы шақырып, көпшілікке пейзаж жайында мол мағұлымат беруді көздедік,-дейді музей қызметкері Бақытгүл Мұратбекова.

Сурет адамның ішкі жандүниесінің көрінісі болса керек. Адамның ойы, қиылы қылқаламның көмегімен ақ қағазға салынса өте әдемі көрінетіні сөзсіз. Ал көкірегіңдегі қиялыңды әдемі етіп салу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан түстерін келістіріп, бір қараған жан көз ала алмай қалатын картинаны салатын жанды суретші деп атайды. Ал суретшілік бойыңа қанмен берілетін тума талант болса керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77