Новости Социум

«Нұрлы жер»: Баспана көлемі 10 пайызға ұлғаяды

Ағымдағы жылы тұрғын үймен қамту жалғасады

Құрылыс жұмыстарының жылдық көлемі 6,6% артып, 117,6 млрд теңгені құраған, яғни жоспарланған 105% өсімге қол жеткізіліп отыр.

Өткен жылы облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 335,4 мың м2 тұрғын үй салынды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12,1%-ға жоғары.

– Тұрғын үйді пайдалануға берудің оң көрсеткіші облыстың барлық аймақтарында байқалды. Нәтижесінде 3,661 пәтер пайдалануға берілді, 2018 жылмен салыстырғанда 489 пәтер көп. Оның ішінде жалға берілетіндері бар. Олар, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін 279 пәтер, MIO облигациялары арқылы АЖСБ арқылы 1429 несиелік пәтер, 1 414 – коммерциялық пәтерлер, 539 – жеке тұрғын үйлер, – екендігін айтты Гүлбарам Мұсағазинова.

Тұрғын үй құрылысына 30,7 млрд теңге инвестицияланған. Есепті кезеңде бес жалдамалы тұрғын үй Қостанай, Рудный, Арқалық және Амангелдіден пайдалануға берілген.

– Сонымен қатар, 2019 жылы 468 пәтерге арналған 31,4 мың м2 4 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы басталды. «Юбилейный» шағын ауданында №48, №49, №50, №9 тұрғын үйлердің аяқталу мерзімі 2020 жыл деп жоспарланып отыр, – деді мекеме басышсы.

Ағымдағы жылы, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін 10% ұлғайту жоспарланған.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77