Біздің Қостанай Социум

Нағыз жеті қырлы, бір сырлы жас – Дмитрий Лайков

Дмитрий жастайынан суретке жақын болып өскен екен. Бүгінде осы өнерінің арқасында еңбек етіп отыр. Өзінің бала күнгі сүйікті ісі бүгін жұмысына айналған.

Ол қала орталығынан шағын студия ашқан, тапсырысқа портрет салады. Жас өнерпаз табысының көп бөлігін саяхатқа арнайды екен. Сонымен қатар инстаграм парақшасында блок жүргізіп, саяхаттаған елдері жайында оқырмандарымен бөлісіп отырады. Өзінің хоббиінің бірі ТікТок-та видеороликтер түсіру, сонымен қатар жарнамалық контенттер түсірумен де айналысады. Дмитрий мамандығы бойынша менеджер, дегенменен сүйікті ісінен нәпақасын тауып отырған жайы бар. Осы еңбегінің арқасында сегіз мемлекетке саяхаттаған екен.

– Мен бала күнімнен сурет салуды жақсы көрдім. Менің суреттерім әрқашан ерекшелігімен көзге түсетін. Отбасымда анам сурет салатын, өкінішке орай анам менің жетістігімді көре алмады, дүниеден өтіп кетті. Мен арнайы суретшілер мектебінде оқымадым, өз талантыммен қиялыма ерік беремін. Қазір интернеттен үйреніп, сабақ алуға да болады. Қазір мен үш техника бойынша жұмыс істеймін. Біріншісі карандаш графика, түрлі- түсті карандашпеп және акрил, майлы бояумен жұмыс істеймін. Тапсырыс берушілер өте көп әсіресе мереке кездерінде арта түседі. Өз алдыма жұмыс істеп келе жатқаныма алты жылдан асты. Портрет кез келген мерекеде ерекше сыйлықтардың бірі. Сондықтан тұрақты тапсырыс берушілер де бар. Бұрындары ғимараттар мен кафе, клубтардың қабырғаларына сурет салуға жиі тапсырыс алатынмын. Қазір тек студияда жұмыс істеймін, өйткені өнер сатылмайды жоғары бағалануы керек деген шешімге келдім, – дейді Дмитрий.

Ең бастысы оның шынайы махаббатпен ынта ықыласымен салған суреттері әрбір шаңырақтың сәнін келтіріп, қуаныш сыйлауда. Дмитрийге қарап нағыз талантты жандардың біздің қоғамымызда алар орыны ерекше екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ал, біз тұлабойына дарын мен талант тұнған жалынды жастың еңбегіне тек береке тіледік.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ,
сурет кейіпкерден алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77