Новости Социум

Наиб мүфти қайрымдылық шарасына қатысты

Онда қамқорлыққа мұқтаж жандарға азық-түлік таратылды


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігі мешіт демеушілерінің қолдауымен 30 отбасына қайрымдылық шарасын өткізілді.

Бұл шараға көп балалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жаняұлар негіз болды. Оларға күнделікті қолданыстағы азық-түлік салынған сөмке ұсынылды.

Жиналғандарға «Қайрымдылық шараның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж жандарға демеу болу және олардың дұғасын алу»,-деді ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы.

Сонымен қатар демеушілерге де алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

Жалпы мұндай игілікті шаралар облыстық мешітте әр айда 30-50 жанұяға жасалып тұрады. Оған ұйтқы және демеуші болып отырған Қостанай облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігі.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77