Ол облысымызда жалғасын тауып жатқан «Мектепке жол» акциясына арнайы қатысты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан қажы Есмахан арнайы сапармен Қостанай қаласына келді.
Белгілі дін қайраткері ең алдымен өңірдегі дін ахуалмен танысты. Өкіл имам Бахытбек қажы Тәжімбет мәртебелі қонаққа облыстағы мешіттерде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты ақпарат берді.
Содан кейін найб мүфти қалалық «Жайлаубай ата» мешітіне ат басын бұрды. Киелі орындағы жамағатпен кездесу барысында «Құран туралы», «Имамдарға бағыну», «Білімнің артықшылығы», «Тәкаппарлық» және басқа да өзекті тақырыптар аясында уағыз айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде Қостанай облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Осы орайда бүгін облыстық мешітте қайырымдылық шарасы болып өтті.
Оған ҚМДБ төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан қажы Есмахан қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бас мүфтидің қостанайлықтарға сәлемін жеткізді. Оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Тіршілікте балалардың жүзінен қуаныш көруден артық бақыт жоқ екендігін айтты.
Сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк те балаларға сәттілік тілеп, мектеп сөмкелерін табыстады.
Жалпы, Қостанай облысы бойынша үстіміздегі жылы 1000 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы формалар берілді.
Оның 411-і облыс бойынша мешіттерде табыс етілсе. 589-ы облыс әкімінің бастамасы негізінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды.
Аталмыш жиын соңында ата-аналар атынан Жангүл Сейтқанова Бас мүфти Серікбай қажы Оразға және барша дін қызметкерлеріне алғысын білдіріп, рахметін арнайы «Алғыс хат» ұсынды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77