Новости Социум

«Наш Костанай» ұжымы жаурналистиканың майталманы Оразалы Отынбайұлын еңбек демалысына шығарып салды

Редакция атынан сый-сияпат жасалды

Бүгін «Наш Костанай» газетінің ұжымы журналистика саласында көп жылдар қатарынан еңбек еткен, 30-дан артық кітаптың авторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы, қаламы қарымды журналист Оразалы Отынбайұлын салтанатты түрде еңбек демалысына шығарып салды.

Журналистиканың майталманы Оразалы Жақсанов Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетін тәмәмдаған соң мемлекеттік арнайы жолдамамен өзінің еңбек жолын қазіргі облыстық «Қостанай таңы» газетінде бастаған.

Ол 37 жыл қатарынан журналистика саласында талмай қызмет етті. Оның 20 жылында «Наш Костанай» газетінің қазақ тілінде шығатын «Біздің Қостанай» қосымшасын басқарды.

Осы уақыт ішінде газет беттерінде көптеген көпшілікке ой салар келелі мәселелерге қалам тербеп, өңіріміздің қайталанбас тұлғалары жайында сыр шертті.

Мұндағы университет бітіріп, еңбекке енді кіріскен жас журналистерге бұл мамандықтың қыр-сырын үйретті. Ол кісіден тәлім алған жастардың бір қатары бүгінде елімізге танымал тұлғалар.

Осынау салтанатты шараға Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Злиха Жалқыбаева қала әкімінің атынан Құрмет грамосын табыс етіп, өзінің жылы лебізін білдірді.

Қазіргі таңда журналистика саласында көптеген биік белестерді еңсерген қарымды қаламгерге редакцияның атынан алдағы уақытты қаламыңыз мұқалмай, жазарыңыз көбейсін деген тілегімізді білдіреміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77