Қостанай облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында «Наурыз – көктем» мерекелік іс-шарасы өтті
Наурыз қашаннан – жақсылық пен бейбітшілік, ізгілік пен адамгершілік қасиеттердің бейнесі. Бақ-береке, ырыс-дәулет, қуаныштың бастауы саналатын Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында «Наурыз – көктем» мерекелік іс-шарасын өткізді.
Наурыз – жаңа күн ғана емес, ежелгі салт-дәстүрлердің жалғасы деп айтуға болады. Мерекелік іс-шарада қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты «Шашу» дәстүрі, қазақтың «Аластау» ырымы, «Бата» дәстүрі» көрсетілді. Кештің қонағы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері Қабдул-Мәжит Иманов Қыдыр ата рөлін сомдап жиналғандарға бата берді. Береке-молшылық тәңірісі Ұмай ана бейнесін сомдаған кітапхана қызметкері Шолпан Елегенқызы «Аластау» ырымын жасады.
Іс – шараға «Айсұлтан» өнер мектебінің «Шұғыла» бишілер тобы «Қазақ биі» мен «Туған жер» әнін тарту етсе, «Мирас» мәдениет үйінің қызметкері Нұржан Жақсан А.Қоразбаевтың «Шашбаулым», Өзбек әні «Қыз бала гүл» әнін орындап берді.
Наурыз – көктем, еңбек, бақыт, достық және бірлік мерекесі бола отырып, ол күлкі мен қуанышты, ән мен жырды бейнелейді. Дәл осы күні ақындар сөз жарыстырады. Кітапхана қызметкерлерінің Наурыз мерекесіне арнайы дайындаған Жаңагүл Жармағанбетова мен Абзал Алпысовтың орындауындағы «Қыз бен Жігіт айтысының» бейнежазбасы ұсынылды.
Іс-шара барысында халық әндері орындалып, көктем туралы өлеңдер оқылып, ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты викторина өткізілді. Іс-шара соңында «Собеседник» клубының қатысушысы З.Василовская «Қазақстан жері» және «Шудың бойында» әндерін орындап, барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапхана қызметкері «Қош келдің, Наурыз!» атты тақырыптық сөреге шолу жасап, ұлттық дәстүр, өнер жайында жазылған кітаптарға түсінік берді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған реабилитациялық орталығының емделушілері кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған мерекелік іс-шарасына ризалықтарын білдірді.
Жаңагүл Жармағанбетова,
кітапханашы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77