Қаламыздың тұрғыны Нұргүл Досумова әр мерекені асыға күтетінін жасырмайды
Мерекені ауылда тұратын анасымен және бауырларымен көрісуден бастайды екен. Анасы Назаркүл Қаратышқанова көктемнің шуақты мейрамы қарсаңында барлық немере-шөберелерін қара шаңырақта асыға күтеді. Осы мейрамға орай қара қазан толы наурыз көжесін дайындап, қыстан шыққан сүрін асып келіндерімен бірге дастарханын жайнатып қоятыны өз алдына. Сондай-ақ, өмірден білген білген-түйгенін келер ұрпағына насихаттаудан да жалыққан емес. Жалпы отбасы ұлттық құндылығымызды насихаттап келе жатқан жандар.
– Жалпы анам ауылда бала-келінінің қолында. Немере-шөберенің қызығына кенеліп отырған жайы бар. Қаратышқановтар әулетіне 18 жасында келін болып түскен. Содан бері бие сауып, қымыз баптап құрақ құрап қолөнерді де бір кісідей алып келе жатқан жан. Осы еңбекқорлығымен әулеттің бетке ұстар келіні атанып, бүгін өзі де келін түсіріп, оларға үлгілі ене болды. Анамыз алтын құрсақты жан. Он баланы дүниеге әкелген “Алтын алқалы” батыр ана. Он баладан қазір жетеуі бар. Барлық балаларын әкем екеуі қатарынан кем қылмай өсіріп, жеткізді. Қазір Алланың анама берген 22 немересі, 8 шөбересі бар. Анамыздың жасы жетпіс төртке келседе немерелері оқитын мектептерде әрдайым іс-шараларға қатысып, жастарға жол көрсетіп жүреді. Бұл біздер үшін нағыз даналық метебі деп айта аламын. Анамыз әулетіміздің ақылшысы, тілекшісі.
Анам жыл сайын сақтаған сүрін асып, наурыз көжесін пісіріп құда-құдағиларын, балаларын үлкен шаңырақта қонақ етеді. Немере-шөберелеріне әр мерекенің қадір-қасиетін насихаттап отырады, – деді қызы Нұргүл Досумова.
– Отбасының береке-бірлігі әйел адамның қолында деп жатады ғой. Негізі, немере тәрбиесіне, жалпы отбасымыздың қандай да бір бастамасына қолдау білдіріп, бізге қорған болып отырған апамызға өте ризамыз. Балаларымыздың әрбір жеткен жетістігі біз үшін үлкен бақыт, байлық деп санаймыз. Олардың қоғамға тигізіп жатқан пайдалы ісін мақтан тұтамыз дейді, – Назаркүл апаның келіндері.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті ұсынған Нұргүл Досумова
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77