Біздің Қостанай Правопорядок

Неге бейтаныс адамдарға барлық ақпаратты беруге болмайтындығы жайында

Қаржылық пирамида – бұл адамдардың қосымша табыс іздеуі немесе жинақтарын инвестициялауы кезінде әлі де өзекті қауіп болып табылады.

Олар көбінесе оңай табыс уәде еткендіктен, олардың шынайы мақсаты – салымшыларды тарту және олардың салымдарына негізделіп, пирамида құлап қалғанша пайда табу. Қаржылық пирамида – бұл құрылым, онда қатысушылардың табысы нақты экономикалық қызметтен емес, жаңа салымшылардың тұрақты ағынынан тәуелді. Жаңа қатысушылардың салған ақшалары бұрын қосылғандарға төлем жасауға жұмсалады. Жаңа қатысушылардың ағыны тоқтаған кезде, схема құлап, көпшілік қатысушылар ақша жоғалтады.

Дербес деректер — адамның жеке басын анықтайтын ақпарат. Олар қағазда немесе электрондық тасымалдағыштарда сақталуы мүмкін. Дербес деректерге біздің «сауалнамалық» деректеріміз кіреді: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні мен жері, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері, ЖСН, сондай-ақ төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі бойынша ақпарат. Бұдан басқа, банк деректемелері, карта деректері, соның ішінде картаның нөмірі, мерзімі, артқы жағындағы код, сақтандыру полисі мен зейнетақы шартының деректері де осы санатқа жатады. Қысқаша айтқанда, бізді анықтайтын және сипаттайтын, бізге тікелей немесе жанама байланысы бар кез келген мәліметтер — бұл біздің дербес деректеріміз. Мұндай деректерді мемлекеттік ұйымдар (ауруханалар, полиция, салық қызметі және т.б.) мен жеке ұйымдар (банктер, микроқаржы ұйымдары, туристік агенттіктер, қонақ үйлер және басқа да компаниялар мен адамдар) жинай алады.

Алайда, ескеру қажет маңызды жәйт бұл дербес деректердің кейбірі интернетте, баспасөзде, қағаз анықтамалықтарда ашық түрде жариялануы мүмкін. Ал кейбір деректерге қолжетімділік шектелген, заңнамаға сәйкес олар конфиденциалды болып табылады. Мұндай деректерге қол жеткізу үшін адамның келісімі қажет. Конфиденциалды ақпарат — бұл құпия мәліметтер, оларды қорғау керек және бөгде адамдарға жарияламау қажет. Алаяқтардың арманына айналған шектеулі деректерге картаның, банк шотының деректері, қаржы мобильдік қосымшаларына арналған пин-кодтар мен құпиясөздер, қаржы операцияларын растау үшін SMS немесе push-хабарламалармен келетін кодтар жатады.

Ең алдымен, ақшаңызды пирамидадан шығаруға тырысыңыз. Оның ұйымдастырушылары сізді керемет пайда табуға уәде беріп, қалуға сендіреді немесе айыппұлдармен, сот процестерімен қорқыта алады. Егер пирамида жақында ұйымдастырылған болса және оны ұйымдастырушылар жариялылықтан қорқатын болса, онда олар сізге ақшаңызды алуға мүмкіндік береді. Бірақ көбінесе қаржы пирамидаларына салынған ақшаны қайтару мүмкін емес.

Қаржы пирамидасы туралы Құқық қорғау органдарына хабарлауды ұмытпаңыз, ақшаны алаяқтарға бергеніңіз туралы дәлелдер дайындаңыз. Бұл келісімшарт, банктік шот бойынша үзінді көшірмелер, ұйымдастырушылармен хат алмасудың скриншоттары болуы мүмкін. Полицияға және прокуратураға тергеу жүргізуді сұрайтын өтініштер жазыңыз. Егер Сіз ақшаңызды қайтара алмасаңыз да, сіз әділеттілікке қол жеткізетін адам болуыңыз мүмкін – пирамида табылып, таратылады және басқа адамдар сіз сияқты желілерге түспейді.

-Қаржы пирамидалары желісіне түспеу үшін басты кеңес-қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, мамандандырылған курстарға қатысу, осы тақырып бойынша әдебиеттер мен мақалаларды оқу. Мысалы, сайтта Fingramota.kz «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімі жұмыс істейді, онда сіз қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша пайдалы ақпаратпен таныса аласыз. Егер сіз Қаржы пирамидасына тап болсаңыз, «Fingramota Online« мобильді қосымшасы арқылы немесе қалалық телефоннан «1459»нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы қаржы реттеушісіне хабарласа аласыз. – деп ҚР қаржы мотиторинг сайтында жазылған.

Дербес деректердің маңыздылығын ескере отырып, оларды қорғау — сіздің басты міндетіңіз. Егер сіз оған немқұрайлы қарасаңыз, түрлі алаяқтық схемалардың құрбаны болу қаупі бар. Алаяқтар азаматтармен байланысып, өздерін қаржы ұйымдарының, Ұлттық Банктің, БЖЗҚ, ҰҚК, ХҚКО қызметкерлері, салық қызметкерлері және коммуналдық қызметтер өкілдері ретінде таныстырады. Олар жалған құжаттар ұсынып, әлеуетті құрбандардың құпия деректерін білуге тырысады.

Егер сізге Қаржы пирамидасына қатысушы болу ұсынылса, тұрғылықты жері бойынша құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және ҚМҚ-ға дереу жүгіну қажет.

Аяжан СЕРІК,
сурет ашық ақпарат көзінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77