Қазақстанда жол қауіпсіздігі үшін жаңа кезең басталды. Қазақстан авто-мектептер қауымдастығы «Автомектеп» (www.avtomektep.kz) ақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл жүйе Ішкі істер министрлігінің «Автошкола» ақпараттық жүйесімен біріктірілген және 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрыққа сәйкес жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – авто-мектептердегі «жеделдетілген оқыту» тәжірибесін жою. Дегенмен, жүйені енгізу барысында кейбір авто-мектептердің қарсылығы байқалуда.
Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған адам алғаш рет жүргізуші куәлігін алады. Алайда олардың көпшілігі жол қозғалысына толық дайындықсыз шығады. Себебі – кейбір авто-мектептердегі қысқа мерзімді курстар, онда оқушылар бірнеше апта немесе тіпті бірнеше күн ішінде куәлік ала алады.
Мамандардың пікірінше, мұндай жүргізушілер жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырайды немесе олардың себепшісі болады.
-Жеделдетілген оқу – бұл тек заң бұзушылық емес, ол барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін үлкен қауіп, – дейді Қазақстан авто-мектептер қауымдастығының өкілдері.
Бұл – авто-мектептердегі оқу процесін толық бақылайтын цифрлық жүйе. Негізгі мақсаты – міндетті теориялық және практикалық сабақтарды өтпей-ақ куәлік алудың кез келген мүмкіндігін жою.
Жүйенің негізгі функциялары курсанттарды тіркеу. Барлық оқушылар бірыңғай базаға енгізіледі, бұл жалған қабылдауларды болдырмайды. Оқу процесін бақылау. Жүйе сабаққа қатысу мен курсантың үлгерімін тіркеп отырады, сондықтан «жеделдетілген» оқыту мүмкін болмайды. Ақпараттың ашықтығы. Барлық мәліметтер бақылаушы органдарға қолжетімді, бұл сыбайлас жемқорлық схемаларын жояды.
Жүргізуші куәлігіне оқығандар деректерін тексере алады. Авто-мектепті аяқтаған азаматтар өздерінің деректерінің жүйеге енгізілгенін тексере алады. Ол үшін www.avtomektep.kz сайтына кіріп, ЖСН енгізу жеткілікті.
Алайда кейбір түлектер өздерінің деректерін базаға енгізе алмай жатқанын айтып, шағымдануда.
-Мен былтыр авто-мектепті бітірдім, теория мен практиканы толық өттім. Бірақ сайтқа кіріп, өз ЖСН-імді терген кезде «Мәліметтер табылмады» деген хабарлама шықты. Не істерімді білмеймін, – дейді Қостанай тұрғыны Ержан .
Тағы бір мәселе бұл сайттың істемей қалуЫ. Қала тұрғындары сайтқа бірнеше мүмкіндіктен кейін қана кіре алғандығын айтуда.
-Жақында жүргізуші куәлігін алмақ болып, деректерімді тексермек болдым. Бірақ базаға деректерімді жазған кезде, қате деп шыға берді . Сосын өзім оқыған мектепке хабарласып, сұрастырдым. Олар бірнеше күннен кейін, бірнеше уақыттан кейін тағыда тексеріп көруімді сұрады, – дейді Ақмарал Қанатова.
Егер сіздің деректеріңіз www.avtomektep.kz сайтында шықпаса, Қазақстан авто-мектептер қауымдастығы келесі қадамдарды орындауға кеңес береді. Өзіңіз оқыған авто-мектепке хабарласыңыз. Олар сіздің деректеріңізді енгізуді ұмытып кетуі немесе қате жіберуі мүмкін. Авто-мектеп деректеріңізді базаға қосудан бас тартса, қауымдастыққа немесе тиісті органдарға шағымдануға болады. Деректеріңіз енгізілгеннен кейін қайтадан тексеріңіз.
Қостанай авто-мектептері де өз түлектерін осы жүйе арқылы тексеруге шақырады. Егер сіз жүргізуші курстарын бітірген болсаңыз, өзіңіздің деректеріңіздің жүйеге енгізілгенін тексеріңіз. Бұл жүргізуші куәлігін алу рәсімінің заңды түрде өткеніне көз жеткізудің маңызды қадамы.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77