Біздің Қостанай Социум

Неліктен Қазақстанға қайта оралған көптеген жастар шетелден жақсы мүмкіндіктер іздейді?

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғарғы технологиялар заманы, яғни ғылым мен білім заманы. Қосымша білім беру ізденімпаз жастарға шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделу мен азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді

Жалпы, қазіргі уақытта көптеген жастар шетелге оқуға түсіп немесе академиялық мобильдікпен кетіп жатады. Ал оның басты себебі білім де ме, әлде басқа елге қызығушылықта ма? Біз сол жастардың бірі Торғайдың тумасы Нұрсұлтан Есімхановтан біліп, онымен сұхбаттастық.

– Ең алдымен өзін жайлы айта кетсең?

– Негізі Торғайдың тумасымын, ал өскен жерім Қостанай қаласы. Қазақ-түрік лицейінде оқыдым, жоғарғы оқу орынды да қаламызда педагогикалық институтында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын тамамдадым. Соңғы оқу жылында Польшада Лодзинский университетті бітірдім. Университет қабырғасында белсенді болып, оқытушылардың көзіне түстім. Өнер жағы болсын, білім болсын барлығын қатарынан алып жүруге тырыстым.

– Басқа елге барып білім алуды қашаннан бастап жоспарладың? Ол үшін не істеу керек болды?

– Мұны 1 курстан бері жоспарлап, соған дайындалған едім. Алайда, пандемия болып, кейін тағы себептермен бара алмай қалдым. Сосын оқудың соңғы жылында, яғни 4 курсты Польшада оқу бұйырыпты. Ең алдымен басқа елге бару үшін, ағылшын тілінің деңгейінің маңыздылығы болды. Тест, кейін біздің жақтағы оқытушылармен, одан соң Польшадағы оқытушылармен сұхбат болды. Университетте осындай мүмкіндік бар екендігі қуантады. Менімен бірге тағы бірнеше студент барды.

– Ол жердің білім алуымен біздің жақты салыстырып айтып берсең.

– Басты айырмашылық, бұл еркіндік. Ол жерде сен сабаққа барасын ба, бармайсын ба, оны қадағалап жүрмейді. Тек соныңда проект тапсырсан болғаны. Студенттердің көбі солай өздері керек мәліметті оқып, проект тапсырады. Ал бізді апайлар хабарласып, қайдасың, келмесең бағанды түсіремін деп шақырып алады. Әрине, біздің студенттерде проект түгілі, ештене тапсырмайды. Оларға еркіндік берсең, мүлдем келмей кетеді. Бұл кішкентай кезінен бастап үйрететін дағды деп ойлаймын.

– Сенің ойынша неліктен жастар осы шетелге қызығып соңда кеткісі келіп тұрады?

– Бірінші бұл басқа елді, жерді көру, бір сөзбен айтқанда қызығушылық. Екіншіден, кімнен сұрамасаңда, қай жерге қарамасаңда шетелдегі білім жақсы, ол жерде тұрған керемет деген сөз естиміз. Тіпті, мен оқуға барған сәтте бірнеше елді, қалаларды көру үшін жақсы мүмкіндік болды.

Жақындарым сен қыдыру үшін барған сияқтысын дейді. Бірақ оны да тамамдап, дипломын қолға алып осында қайтып келдім. Сол елдегі қарбалас маған ұнап қалды. Иә, әрине ол Алматы. Астана қалаларында да бар. Бірақ екі жерде де болдым, маған онша ұнаған жоқ. Ал шетелде болғаннан кейін, ол жерден кеткім келмей, қайта барғым келетіндігін бірден түсіндім.

– Ағылшын тілінен бөлек тағы қандай тілдерді білісін?

– Жалпы өзімнің тілім қазақ тілі, барлығымыз білетін орыс тілі. Тағы осы жақтан түрік тілін біліп барғанмын. Біз жатақханаға орналасқан сәтте қасымда Түркиядан келген бала болды. Онымен түрік тілінде сөйлесіп бастағанда таңғалып қалды. Тіпті, мен Қазақстаннан екендігіме сенген жоқ. Осындай да қызықты жайттар болған. Ал сабақтардың барлығы ағылшын тілінде өтті. Көбінесе ағылшын тілінде сөйлескен едік. Адам егер қаласа, көптеген асулардан асып, қалаған армандарына жетіп, қалаған тілін үйрене алатындығына сенімдімін.

– Басқа елге барып, біршама уақыт сонда тұрғаннан кейін, біздің ел мен сол жерді салыс­тыра аласын ба?

– Бірден байқаған нәрсем, бұл өз тілдіріне деген ерекше құрмет. Мысалы, олар ағылшын тілін білсе де, басқа ұлт азаматтарын көрсе бірден поляк тілінде сөйлеп кетеді. Тіпті, бір нәрсе сұрағын келсе, поляк тілінде жауап беріп. Өз тілдерінде сөйлеп тұрады. Сондықтан поляк тілін міндетті түрде білу керек. Бұл өте маңызды аспект. Тіпті, басқа ұлт азаматы поляк тілін білетіндігін көрсе, оған құрметпен, ерекше ықыласпен қарайды. Ал біздің елде әрине, біз тілімізді құрметтеп, оны білсек те, басқа ұлт азаматтарын көргенде оған орысша, не ағылшынша жауап беріп кетеміз. Бұл бізде автоматты түрде болатын жайт. Егер біз де поляктар сияқты өз тілімізде сөйлесек, онда келген басқа ұлт азаматтары «осында тұру үшін қазақ тілін білу керек екен ғой» деп жаттап алуға тырысады.

– Саған поляк тілді үйрену қиын болды ма?

– Қатты қиын болды деп айта алмаймын. Күнделікті естіп жүргеннен кейін оны үйрену әлде қайда жеңіл. Тіпті, ағылшын тілін үйренген сәтте кино, түрлі видеолар қарап жаттап алғанмын. Ең бастысы сол тілді білетін адаммен әңгімелесу. Сонда тілді жаттау жеңіл болады. Бір түйгенім, Польшада тұру үшін поляк тілін білу міндетті.

– Енді грантты өтеп болғаннан кейін қайта оралу ойда бар ма?

– Иә, сол жерде жұмыс істеп, магистратураға Польшада түскім келеді. Жастық шағымды сол жерде өткізсем деген ой бар. Бірақ ата-анам жалғыз өзімді жібергісі келмейді. «Үйленіп ал, сосын барасың» деген сөздерді естимін. Осы 2-3 жылда грантты өтеп, барып қаларым анық.

– Тілге, білімге деген құштарлығын бірден көзге түсті бұл ата-анаңнан дарыған қасиет пе?

– Отбасымда ата-анам және 5 баламыз. Мен үйдің кенжесімін. Иә, отбасымызда мұғалімдер көп. Үлкен әпкемнің арқасында тілдерге қызығушылық пайда болды. Қазақ түрік лицейінде оқыған сәтте де, жоғарғы оқу орнына түскенде де сабақты жақсы оқыдым. Ары қарай жетілуге, тағы білімімді кеңейту үшін жұмыстар жасап келемін.

– Қазір қай жерде жұмыс істеп жатырсын? Мамандығын бойынша сабақ бересін бе?

– Иә, балаларға ағылшын тілі бойынша сабақ беремін. «Білім ал» оқу орталығында жұмыс істеймін. Одан бөлек сурет салумен де қызығамын. Қабырғаға түрлі суреттер салып, «NBD»продакшнда түрлі іс-шараларға шығып жұмыс жасаймын.

– Өзін жан-жақты екенсін. Енді жастарға, студенттерге айтып кетерін болса, тіл үйрену маңызды ма жалпы?

– Қай жерде, қай кезде болмасын «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» дегендей алдымен өз тілінді, яғни қазақ тілін үйреніп, одан кейін басқа тілді, ағылшын тілін білген абзал. Өйткені, оқу, тұру үшін ғана емес, демалысқа барған кезде де басқа тілді білгенде өзіне жеңіл болып қалады.

Жалпы, поляк тілін жақсылап үйреніп қайта Польшаға барғым келеді. Шетелде тұрып, жұмыс істеп, оқығаннан кейін көптеген адамдар жеке және кәсіби дамудың ерекше мүмкіндіктерін табады. Дегенмен, жаңа білімі мен тәжірибесін жинап туған елге оралу да өте құнды болуы мүмкін.

Сондықтан менде ата-анамның қасына қайта оралғым келеді.

Қазіргі әлемде мәдениеттер мен мүмкіндіктердің алуан түрлілігімен бетпе-бет келіп, Қазақстандағы көптеген жастар өз өмірінің жаңа тарауын шетелде бастау мүмкіндігі туралы ойланады.

Негізгі факторлардың бірі-жақсы білім беру және мансаптық мүмкіндіктерге ұмтылу. Көптеген адамдар шетелде озық технологияларға, жоғары білім деңгейіне және кәсіби дамудың көптеген жолдарына кең қол жетімділікті көреді. Бұл әлемдік аренада өз әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылатын өршіл жастарды тартады.

Сонымен қатар, жаңа мәдени тәжірибе жинауға деген ұмтылыс жиі айтылады. Әлемді зерттеу және әртүрлі мәдениеттермен өзара әрекеттесу өз елінен кетуге шешім қабылдағандар үшін маңызды. Бұл процессте жастар өздерінің көкжиектерін кеңейтуге, мәдени деңгейлерін көтеруге және өмірлік тәжірибелерін байытуға мүмкіндік табады.

Шетелде жаңа өмір бастауға шешім қабылдағандар қандай қиындықтар күтетіні туралы сұрақ қою керек. Көбінесе жаңа ортаға бейімделумен, тіл мен мәдениеттің өзгеруімен, отбасынан және достарынан бөлінумен байланысты. Бұл қиындықтарды түсіну жастарға жақсы шешім қабылдауға көмектеседі.

Осылайша, шетелде өмір сүру туралы армандар жақсылыққа, жаңаға және әртүрлілікке деген ұмтылысты көрсетеді. Жастарды ынталандыратын факторларды және Отаннан тыс күтетін шындықтарды түсіну қазіргі қоғамның осы тенденциясына тереңірек қарауға мүмкіндік береді.

Ал Нұрсұлтан шетелде тәжірибе жинап, Қазақстанда оны ары қарай қолданатындығын атап өтті. Шетелде оқу және жұмыс тәжірибесімен оралу-бұл жеке жетістік қана емес, сонымен бірге өз елінің дамуына елеулі үлес қосу мүмкіндігі. Отбасын қолдау және әлеуметтік даму үшін алған біліміңізді пайдаланып, оны осы жерде қолдана білу үлкен құрметке ие.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77