COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Қоғамдық көлік жүргізушілері жетіспейді

200-ге тарта «Д» санатындағы жүргізуші қажет

Қостанай қаласы жолаушылар тасымалы саласындағы ағымдағы жағдай туралы брифинг өтті.

Онда ТҮКШ бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин және «Брунер» ЖК директоры Александр Брунер тұрғындарға түсініктеме берді.

– Жүйе енгізілген сәттен бастап 9-ақпан бойынша ақпартты ұсынсам, қоғамдық көлікпен 56 425 жолаушы қатынаған. Олардың ішінде, 14 175 жолаушы төлем картасын пайдаланса, 23 524 адам банк картасымен төлем жасаған. Ал мобильді қосымша арқылы 3 417 адам төлем енгізген, – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин.

Айта кету керек, «AlemPley» компаниясы жүргіншілерге 7 әдіс бойынша төлем жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

– Ақпанның 9-ы күнгі дерек бойынша 15 206 адам қолма-қол төлем жасаған, олардың ішінде, 2 841-і балалар, 5 844-і зейнеткерлер, 6021-і өзге де жүргіншілер. Бұл алғашы күннің нәтижесі. Бүгінгі күнге дейін жұмыс жүйелі түрде жалғасуда, – деді Наурызбай Жасланұлы.

Қазіргі таңда, «Қостанайавтотранс» серіктестігі бас тартқан бағыттар бойынша, «Брунер»кәсіпкерлігі орын алмастырып үлгерді.

– Қазір біз қызмет көрсетуді өзіміздің міндетімізге алдық. Қоғамдық көлік бағыты бойынша уақытша келісім шартқа қол қойдық. Уақытша келісім байқау өткізілгенге дейін жалғасатын болады, яғни қызмет сол уақытқа дейін тұрғындарға ұсынатын боламыз, – деді Александр Брунер.

Журналистердің қосымша жүктемеге орай «автобустарды тұрғындар көп күтіп қалмайды ма?» деген сұрағына, кәсіпкерлік басшысы «жағдай қалыпты, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр», – деп жауап берді.

101-ші нөмірлі автобус қала сыртына қатынайтын болғандықтан күту жиелігі 1 сағат, ал 3 пен 25-ші нөмірлі автобустардың келу ұзақтығы 10-12 минут ендігін айтты кәсіпкерлік директоры. Сондай-ақ, директор автобустардың жеткілікті екенін тілге тиек етті. Алайда, қоғамдық көліктерді жүргізетін «Д» санаттағы жүргізушілердің тапшы екені еске салды. Кәсіпкерлік басшысының мәліметінше, жалпы Қостанайдағы тұрақтар бойынша 200-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді екен.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77