Новости Образование

Оқушылар ақынмен сыр-сұхбат жүргізді

Онда олар көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды

Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының 3 «А» сынып оқушылары Жазушылар Одағының мүшесі, көрнекті ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхметпен кездесті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Рахмет саған туған ел» деп аталған тәрбие сағатында оқушылар ақынмен сыр-сұхбат жүргізді.

Аталмыш тәрбие сағатын дайындаған бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Каримованың айтуына қарағанда, шараның басты мақсаты-оқушыларды ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен жан-жақты таныстыру. Сонымен қатар олардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Сұхбат басында 3 «А» сыныбының шәкірттері Ақылбек Қожаұлына арнаған «Дара туған Қостанайдың ақыны» деген өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар ортаға 4 оқушы шығып ақынның «Рахмет», «Ұстаз», «Ыбырай ата» деп аталатын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ олардың ішінде көрнекті ақынның «Әдемі», «Бағдаршам» деп аталатын өлеңдерін білетіндері де кездесті.

Шара барысында оқушылар өздерімен жүздесуге келген ақынға оның өмірі, шығармашылығы жайында білсем деген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Сұхбатта өздерінің білімді де өте тәрбиелі екендіктерін танытқан алғыр оқушылар өз өнерлерін де ортаға салды.

Олардың бір қатары «Адай», «Тепең көк» күйлерін нақышына келтіре орындады. Олардың өнерін тамашалаған ақын өзінің ризашылығын білдірді. Сонымен қатар сұхбат барысында ол өмір жолы, шығармашылығы жайында қызықты әңгіме өрбітті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77