Образование

Оқушылар арасында «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты Халықаралық зияткерлік ойын өткізілді

Қостанай кітапханасының жас оықмандары Орынбор кітапханасының келушілерімен байланысқа шықты

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралар циклі аясында 27 сәуір күні жоғары мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде Орынбор облыстық көпэтносты балалар кітапханасымен бірлесіп «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты Халықаралық зияткерлік онлайн ойыны өтті.

Зияткерлік сайысына қалалық №18 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушылары қатысты. Ал, Орынбор кітапханасының намысын Орынбор ауданының нежин лицейінің 7 сынып оқушылары қорғады.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың танымдық қызметін арттыру, Қостанай облысының тумасы, ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау болып табылады.

Ойын басталмас бұрын Орынбор облысының өкілдері барлығын өзінің ұлттық би шығармашылық сәлемдемесін жолдады.

Ойын төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Шежіре», екінші кезең – «Сандар сөйлейді», үшінші кезең – «Поэтикалық батл», соңғы кезең «Ойашар» деп аталды.

Алғашқы минуттардан бастап ойын қызу өтетіні белгілі болды, екі жақтың командалары бір-бірінен кем түспеді, белсенді болды, қойылған сұрақтарға құлшыныспен жауап берді, ойында осындай күрделі және бір мезгілде қызықты сұрақтар қойылып, «Белгілі туралы белгісіз» санатында Орынбор қаласының қатысушылары келесі сұрақ қойды. «1950-1952 жылдары Қазақстан ҒА география секторының экспедициясы объектіні зерттеп және Ыбырай Алтынсариннің құрметіне аталған. Бұл қандай нысан?», ал Қостанай командасы тарапынан «Поэтикалық батл» санатында балалар Ы.Алтынсариннің шығармаларынан бір жолды жаттап алып, ал екінші команда өлеңдердің атауын болжады.

Бұл өте қиын да қызыққа толы ойын болды, бірақ екі команда әр кезеңнен мүдірмей өтіп жатты.

Ойын соңында екі команданы күтпеген тосын сый күтті. Ол әрине жұмбақтар. Ыбырай Алтынсарин халқымыздың ұлы мұралары-ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер жинап, жүйелеп жүретіні жайында бірі білсе, бірі білмейді.

Ең соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, екі кітапхананың ынтымақтастығы жалғасуы жайында сөз қозғалды және қазақстандық ақын-жазушылардың шығармаларының кеңінен насихатталу жайында жұмыстың жүргізілуі жайында да сөз етілді.

Бибігүл ЛАТЫПОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық
балалар мен жасөспірімдер кітапханасының
ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінің қызметкері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77