COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

105766

Выздоровевших

110684

Зарегистрированных случаев

3594

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Образование

Оқушылар дертті тез таратушылар болып отыр

Қауіпті дертті ушықтырып алмас үшін қалыпты білім алу жүйесіне біртіндеп көшкен абзал

Бүгінде елімізде оқушыларды біртіндеп қалыпты оқыту үлгісіне көшіру керектігі жайында мәселелер қаралып жатыр. Қазіргі таңда 12 және одан жоғары жастағы балалар коронавирус дертін тез таратушы болып табылады екен. Елімізде 4-ші қазан айындағы көрсеткіш бойынша мектеп оқушыларының арасында аталмыш қауіпті дертті жұқтарғандардың саны 136 болып отыр. Оның ішінде 51-і кезекші сыныптарда оқитын оқушылар болса, қалған 85 үйде онлайн режимде білім алып жатқандар екендігі жайында еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминнің айтқанын Tengrinews.kz хабарлаған болатын.

Міне, осы көрсеткіштен қауіпті жұқпалы дертті мектеп оқушыларының тез тарататынын түсіну қиын емес. Балам ауырғанша өзім ауырғакным дұрыс дейтін ата-аналар үшін бұл үлкен мәселе болып отыр.

Бүгінде «Екінші тоқсанды балалар қалай оқиды?» деген сауал көпшіліктің көкейінде жүргені белгілі. Бұл сауалдың толық та нақты жауабы әлі жоқ. Өйткені, үкімет басындағылар бір жағынан балалардың денсаулығын ойласа, бір жағынан олардың білім деңгейі қалай болады деп алаңдап отырғаны белгілі.

Бір сөзбен айтқанда қазіргі жағдай «Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» дегеннің кебі болып отыр.

Осы ретте біз шаһарымыздағы білім ордаларында онлайн режимде оқыту қалай жүріп жатқаны жайында мәлімет алу мақсатында №28 мектеп-гимназиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жансая Исмайловамен тілдескен болатынбыз.

– Бүгінде оқушылар онлайн оқуғы машықтанып алды. Ұстаздар «Онлайн мектеп» бағдарламасы арқылы оқушылармен кері байланыс орнатып үлгерді. Ұстаздар қауымына да үйінде отырып, балаларға жаңа тақырыпты толық түсіндіріп, олардың үй тапсырмасын уақытылы орындағанын жіті бақылап отырулары үшін барлық жағдай жасалған. Ата-аналар да жұмыстан қолы босаған кездері вадсап желісі арқылы мұғалімдермен тілдесіп, балаларының білімін қадағалап отырады.

Біздің мектепте балалар онлайн режимде алғашқы БЖБ тапсырмаларын тапсырып үлгерді. Нәтижесі де жаман емес. Бұл дегеніміз оқушылардың үйден шықпай-ақ жеткілікті білім алып отырғанын білдірсе керек. Сондықтан қалыпты режимге біртіндеп келген дұрыс деген ойдамын,-дейді ол.

Елімізде қауіпті дерт коронавирус таралып, адам өміріне қауіп төндірген кездері енгізілген карантин режимінде тұрғындар көп нәрсені үйренді десек қателеспеген болармыз. Мәселен, үйде отырып білім алу, жұмыс істеу күнделікті әдетке айналды.

Тіпті мектеп оқушылары да үйде отырып, әлеуметтік желілерді толық меңгеріп, ата-анасы жұмыста болған кездері ұстазымен тілдесіп, үй тапсырмасын орындайтын болды. Осылайша онлайн білім беру жүйесі бірқалыпқа түскендей.

Сондай-ақ үйінде балаларын онлайн түрде оқытып отырған ата-аналардың бірі Жансая Тұрсынбаеваны сөзге тартқанымызда:

– Менің екі балам бар. 3 сыныпта оқитын қызым үйде онлайн режимда оқып жатыр. Ал ұлым биыл алғаш мектеп табалдырығын атаған соң кезекші сыныпқа берген болатынмын.

Онлайн оқудың еш қиындығы жоқ. Қызым да мен де бұл режимге толық үйреніп алдық. Көбіне вадсап желісін қолданамыз. Мен жұмыста болған кезде қызым вадсаб арқылы үй жұмысын орындап, оны фотоға түсіріп, ұстазына жібереді. Ал ауызша орындалатын пәндерді мысалы әдебиет пәнінен берілген үй тапсырма бойынша мәтіннің мазмұнын бейне қоңырау арқылы ұстазымызға айтып береміз. Бұл еш қиындық тудырмайды. Жақында БЖБ тапсырмаларын да орындадық. Қызым тапсырмаларды өзі орындап апайымен сөйлесіп, түсінбеген жерін сұрап алады.

Қазіргі балалар техника тілін тез ұғады. Ол күнделікті компьютер арқылы «Онлайн мектепке» кіріп, ондағы жаңа тақырыптарға арналған бейне жазбаларды қарайды. Тақырыпқа байланысты сұрақтары болса, сынып жетекшісіне хабарласады. Бұл жерде ұстаз бен оқушының арасында толық кері байланыс орнатылған.

Бүгінде онлайн режимде білім алу жүйесі бір қалыпқа келгенін ескеріп, қауіпті дерт толық жойылмайынша, балалардың үйде онлайн түрде білім алғанын толыұ мақұлдаймын,-дейді.

Расында денсаулықтан асқан байлық бар ма? «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, коронавирус дертінің біртіндеп беті қайта бастаған шақта оны қайтадан өршітіп алмауды ойлау керек сияқты. Бұл дерт елімізде толық жойылған жоқ. Оны жұқтырып, ауырып жатқан жандар қаншама. Осы пікірлерден кейін қауіпті дерт толық жойылмағанша оқушылар да, ұсатаздар да, ата-аналар да үйреніп қалған онлайн білім алу режимін жалғастыра бергені дұрыс болар деген ой түйдік.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77