Осыдан екі жыл бұрын сол кездегі облыс әкімінің бастамасымен еліміздің, тіпті әлемнің шахмат тарихындағы атақты жерлесіміз, «Уфимцев қорғанысының» авторы, Қостанайдың Құрметті азаматы Анатолий Уфимцевтің бюсті ашылды.
Сол кезде бюсттің ашылу салтанатына қатысқан қонақтар бұл ескерткіш біздің жас шахматшылардың тартымдылығы мен ғибадат ету орнына айналатынына, сондай-ақ, Қостанай облысында шахматтың дамуына маңызды серпін беретініне сенім білдірген болатын.
Сол аралықтан бері бюсттің астыңғы жағындағы жазуға мән беріп оқып жүргендер аз болғанын байқауға болады. Дегенменен, көзі қырағы оқырмандарымыз хабарласып, қыруар қаражат жұмсалып, қаланың қақ ортасында орналастырылған бюстте жазылған жазуда қате бар екендігін айтты. Біз де ол мәтінде шыныменен қате бар жоғын анықтау мақсатында қаламыздағы тіл жанашырлары әрі тіл және әдебиет теориясын зерттеп жүрген мамандарға жүгініп, пікірлерін білуді жөн көрдік. Олардың пікіріне сүйенсек кез келген ескерткіш тақтада жазылған сөздің қысқартылып жазылуы көзге оғаш көрінеді. Сондықтан сөздің толық жазылуы дұрыс болып саналады. Мысалы, аталмыш тақтадағы «қаласының» деген сөздің қысқартылуы емілеге сай еместігін айтады. Сондай-ақ, «жыл» деген сөздердердің қысқартылуында арасында (нүкте) тыныс белгісі болуы керек дейді. Бұл жерде тіл мамандарының пікірлері бір жерден шықпауы да мүмкін. Өйткені әркім тіл саласына қатысты түрлі еңбекті алға тартуы да мүмкін.
Бастысы сауатты жазу – мәдениетіміздің бір көрінісі екенін ұмытпайық.
Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77