Культура

Облыс әкімдігінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесі жөнінде кеңес өтті

Ұлт көсемінің мерейтойын ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде атап өту жоспарлануда

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың», -елі үшін езілген «Алаш» ардақтысы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының келер жылы 150 жылдың мерейтойы.

Осыған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Келесі жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Ол үшін ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік комиссиясы бекітіліп, республикалық жоспар әзірленді. Бұл жоспар дың 60 тармағының 23 тапсырмасын орындауға облыс әкімдері жауапты, оның ішінде Қостанай облысына 8 нақты іс-шара жүктелген.

Айта кету керек, бүгінде аудан орталығы Торғай ауылындағы А.Байтұрсынұлының атындағы көше абаттандырылды. Шұбалаң-Қарасу-Көкалат учаскесінде жол жөнделді, басқа да бірқатаркөше қалыпқа келтірілді. Жергілікті халықтың өтініші бойынша Ұлыжыланшық өзені арқылы өтетін көпір салынды. Бұл көпір Ақкөл мен А.Байтұрсынұлы ауылдарын жалғап тұр. Сондай-ақ басқа да инженерлік объектілер салынғаны белгілі.

Аталған іс-шарадан басқа қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне республикалық және облыстық жоспар ларда көзделген барлық ғылыми-ағартушылық, мәдени-бұқаралық және басқа да имидждік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар мерейтойды ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде атап өту жоспарлануда. Осыған байланысты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне ғылыми-танымдық экпедиция  ұйымдастыру жоспарланған.

Жангелдин ауданының әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасы бірлесіп маусымдық-тарихи және арт-алаң ашу мәселесі қарастырылуда, сондай-ақ А.Байтұрсынұлына арналған Визит-орталықтың мазмұнымен форматы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа 2022-2023 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Алтын белгі» иегерлеріне облыс үшін маңызды педагогикалық және инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гранттар берілетін болады.

Сондай-ақ облыс бойынша Қостанай, Арқалық қалалары мен Әулиекөл, Жангелдинаудандарында орналасқан А.Байтұрсынұлы ескерткіштеріне ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттігі жайында айтылды.

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы елімізде барынша дүркіреп өтетініне кәміл сенімдіміз.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77