Новости Социум

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бір күндік жалақысын аударды

Қостанайдан Арыс қаласына 20 тонна ұн, 7 тонна макарон мен «Баян Сұлу» өнімдері жөнелтілді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың бастамасымен Қостанай облысының мемлекеттік қызметкерлері Арыс тұрғындарына көмек ретінде 20 миллион теңге жинап берді.

Өңір басшысы бірінші болып қолдау білдіріп, өзге қызметкерлерді де қол ұшын созуға шақырды.

Архимед Мұхамбетов өзінің Instagram желісінде Түркістан облысының Арыс қаласында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты және өзінің бір күндік жалақысын аударды.

Нәтижесінде Арыс қаласының тұрғындары тек Қостанай облысының мемлекеттік қызметкерлерінен 20 миллион теңге жиналды.

– Менің үндеуіме 3644 мемлекеттік қызметші қолдау білдіріп, нәтижесінде20 миллион теңге қаражат жиналды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер қолдау көрсету үшін алғашқы әлеуметтік көмек жинады: 20 тонна I дәрежелі ұн, 7 тонна макарон және «Баян Сұлу» өнімдері.

Жиналған бұл өнімдер кеше Арыс қаласына жөнелтілді.

Арыс тұрғындарының денсаулығына, төзімділігіне және үйіне жылдам оралуға тілек білдірді.  Сондай-ақ жан ұшыра көмек беруге асыққан қостанайлық қамқор адамдаға алғысын айтты.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77