COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106059

Выздоровевших

111100

Зарегистрированных случаев

3608

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Здравоохранение Новости

Облыста вакцинациядан бас тартудың 264 себебі тіркелген

Тіркелген адамдар арасында бас тартудың түрлі себептері болып шықты

Өңірдегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын артыру мақсатында жүргізілді.
Іс-шараларды жүзеге асыру барысында «Денсаулық» бағдарламасының негізгі мақсаттарына қол жеткізілген.

– Жұқпалы аурулармен ауыру көрсеткіші 2019 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 271,9 құрады, республикалық мақсатты индикатор – 315,9. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Мониторинг 90-нан астам жұқпалы аурулар бойынша жүргізілуде, 12 нозологиямен аурудың төмендеуі, қызылша ауруының өсуі, қалған инфекциялар бойынша көрсеткіштер өткен жылдар деңгейінде қалды немесе тіркелмеген, – деді Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмагамбетов.

Өткен жылдың 1 сәуірінен бастап 9-11 айлық балаларға қызылшаға қарсы вакцинация жасалуда, 7182 бала вакцинацияланды, пайызбен өлшесек 97,5% құрайды.

– Қызылшаға қарсы 20-29 жас аралығындағы адамдарға қосымша иммундау басталды, 78 660 адамға вакцинация жасалды. Сонымен қатар, 20 жасқа дейінгілерге де қызылшаға қарсы вакцинация жасалуда, – деді Орал Бекмагамбетов.

Сонымен қатар, облыста 264 адам вакцинациядан бас тартқан. Бас тарту себептері ішкі сенімсіздік, вакцинаға сенімсіздік, діни көзқарастар болып отыр.

– Қазіргі уақытта облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау аурулары тіркелуде, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері 15208 жағдай және 3 тұмау тіркелген. 2019-2020 жылдарға бюджет қаражаты есебінен құны 52 млн теңгеден асатын 60 000 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. 1 қазаннан 27 қарашаға дейін тұмауға қарсы 90515 адам егілді, оның 59823-і жергілікті бюджеттен, 30 066 жұмыс берушілер есебінен қаржыландырылды, өз қаражатымен 626 адам егілді. Жалпы халық есебі бойынша егілгендердің үлесі 10,3% құрайды, – деді департамент басшысы.
Сондай-ақ, департаментпен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді сатып алу барысында оның қауіпсіздігін де бақылайды.

– 2019 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша 574 сауда нысандарында өнімді сату кезеңінде 5014 азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, оның ішінде тамақ өнімдері – 3921 үлгісі сатып алынды. Сатылымнан жалпы құны 505 мың теңгеден асатын 484,8 кг қауіпті өнім алынды, оның ішінде, ет өнімдері – 4,9 келі, құс еті – 41,8 келі, көкөніс консервілері – 16,1 келі, кулинария – 2,1 келі. Сәйкес келмейтін өнімдердің негізгі үлесі таңбалау талаптарын бұзған. Сондай-ақ мәлімделген қасиеттер мен физикалық-химиялық параметрлер арасындағы сәйкессіздіктер табылды, – дейді департамент өкілі.

Өткен жылғы облыстағы ауыз су сапасы ұсынылған гигиена стандарттарына сай екендігін мәлімдеді департамент басшысы.

– 2018 жылмен салыстырғанда ағын су сапасының бактериологиялық көрсеткіштері 2,1%-дан 0,5%-ға, санитарлық-химиялық көрсеткіштер 4,6%-дан 2,9%-ға жақсарды. Есепті кезеңде 180 мектепке дейінгі ұйым мен 462 орта мектеп арнайы тәртіпте қаралды, оның ішінде 347 мектепте бұзушылықтар анықталды. Тамақ өнімдерінің барлық топтары үшін өндірілетін және сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы тұрақты, микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің үлесі 2018 жылғы 6,6%-бен салыстырғанда төмендігі 5,5% құрады, – деді Орал Бекмагамбетов.

Бұл қызмет салауатты тамақтану және темір жетіспеушілік анемия және эндемиялық зоб сияқты тамақтану факторларына байланысты жұқпалы емес аурулардың алдын-алуға бағытталған. Бір жыл ішінде дәрумендер мен минералдармен байытылған тағамдарды өндіруге, сақтауға және сатуға санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізілетін болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77