Бүгінгі таңда өңірдегі судың жағдайы тұрақты екенін атап өту керек.
Мамандардың айтуынша, жіті ішек инфекцияларымен, А вирустық гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалмайды, жағдай бақылауда. Бірінші кезекте су сапасына мониторинг тұрақты негізде жүргізілуде. Бүгінгі күні Ұлттық сараптама орталығымен бірлесіп қажетті дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыс жасалып жатыр.
– Үнемі бақылау жүргізілуде және қажет болған жағдайда іріктеу жиілігі артады. Халыққа берілетін ағын суда, сондай-ақ орталықтандырылмаған құдықтарда және т.б. бақылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда бізде 300-ден астам су сынамасы алынды, оның ішінде бактериологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған жоқ. Яғни, су гигиеналық стандарттарға сәйкес келеді. Аурулардың алдын алу мақсатында біздің қызметіміз, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шикі ағын су өткізілді, – дейді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәуре Елшібаева.
Ауыз суды пайдалануға қатысты тағы да айта кететін жайт, оны міндетті түрде қайнатып, қорғап, бөтелкедегі суды пайдалану керек. Егер қазір екінші толқын болса, онда бұл іс-шараларды екі есе өткізу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Егер судың нәтижелері сәйкес келсе және жағдай тұрақтанса, әдеттегідей қолдана аламыз.
Сонымен қатар, ол суға тісімізді жуу үшін, душқа түскенде қолдана аламыз. Тек азық-түлікті жуу және суды ішуге болмайды. Оны қайнатқаннан кейін барып қолданған жөн.
– Эвакуациялық пункттерде тамақтану, тұру, жеке гигиенаны сақтау шараларын жүргізу бойынша бақылау күшейтілді. Халық арасында санитариялық ағарту жұмыстары да қарқынды жүруде. Сынама жоспарға сәйкес бүгін алынып жатыр, енді нәтижесі 3-5 күннен кейін дайын болады. Алдынғы сынама су тасқыны басталған аумақтарда 27 наурыздан бастап алдынды. Ол жерде 70-80 пайыз нәтиже дайын. Ешқандай инфекция анықталған жоқ, – дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі басшысының міндеттін атқарушы Ботагөз Қорғанбекова.
Оған қоса, қазір әлеуметтік желіде суға қатысты ақпарат көп жіберіліп жатыр. Мамандар, ол фейк екендігін айтып, сенбеуді сұрады. Тек ресми дереккөздерді қараған дұрыс.
Аяжан СЕРІК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77