Здравоохранение

Облыстық Қан орталығына өз еркімен келіп қан тапсыратындар қатары көп

Қазіргі таңда қан тапсыру орталықтарында қан жетіспей жататындығы рас па? Донорлық адамның иммунитетін әлсіретеді ме? Адамдар қан тапсырудан қорқады ма?

Медициналық көрсетілімдерге қарсы, басқа себептер бойынша да, барлық адам донор бола алмайды. Бірде-бір қан тапсыру орталығы ондай нәтижеге ұмтылмайды. Донорларды тартудың оңтайлы жолы – ұжымдық сабақтар, донор болу туралы лекциялар және әлеуметтік желілермен жұмыс.

Заманауи медицина қандай керемет болса да, бірақ көптеген жағдайларда трансплантация кезінде, қатерлі ісіктерді емдеу, хирургиялық араласуларда және басқа да медициналық процедуралар кезінде пациент басқа адамның қанын қажет етеді. Донор болу – қорқынышты емес, тек адамның денсаулығы барлық медициналық нормаларға сай келіп, өзін жақсы сезініп тұрса жеткілікті.

Қостанай облыстық қан тапсыру орталығы осыған байланысты біршама ақпаратпен бөлісті.

– Көп адамдар қан іздестіріп жатқаны туралы ақпарат көріп қалса, қан жетіспей жатыр деп ойлайды. Олай емес, қан жеткілікті, қанның да сақтау мерзімі болады. Бізге жаңа қан керек болу себебі, бұл қан қорын үнемі толықтырып отыруымыз. Қорда тұрақты мөлшерде қан болуы үшін, оны қадағалап отырамыз, өйткені қанды ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Ал ол үшін донорлардың белсенділік танытуы маңызды. Донордың дене салмағы да, дене қысымы да ескеріліп, қан нормасын 350 мл-ден 450 мл-ге дейін алуға жол беріледі, – дейді облыстық Қан орталығының КМК терапевт дәрігері Әйгерім Серікқызы.

Әркімнің қан компоненттерінің сақтау мерзімі әр түрлі. Қан 42 күнге дейін сақталады. Сондықтан қан базасын асыра пайдалану да қажет емес. Ол үшін барлық қан топтары бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Ең көп тарағаны – бірінші қан тобы. Төртінші қан тобы ең аз қажет. Ал, сирек кездесетін қан тобы төртінші теріс болып саналады. Егер сіздің қан тобыңыз кең таралған болса, бұл сіздің қаныңыз қажет емес дегенді білдірмейді. Кез келген қан тобы маңызды, оған қоса кең таралған топтар ең қажетті болуы да әбден мүмкін.

Тіпті кейбір адамдар үшін қан тапсыру әдетке айналып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, жалпы қанды ер адамдарға 2 ай, ал әйелдерге 3 айдан кейін қайта тапсыруға болады. Сондықтан 2-3 ай сайын қан тапсыру ешқандай қауіпсіздік әкеліп немесе ауру тудырмайды. Оған қоса, бұл тек ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді.

– Донарларды тарту үшін түрлі акциялар жасап, әлеуметтік желілерді белсенді түрде жүргізіп отырамыз. Оған қоса донорлар күнінде жиі келетін адамдарға демеушілер тарапынан сыйлықтар да таратамыз. Қан тапсыруға болмайтын жағдайлар 2020 жылдың 2 қазанындағы №113 бұйрықта жазылған. Осы жылдың 2 тамызындағы №73 бұйрықта тағы да толықтырылған. Сол жерде барлық қарсы көрсетілімдер жазылған. Уақытша тапсыруға болмайтын көрсеткіштер және мүлдем тапсыруға болмайтындары да толық көрсетілген. Ал орташа көрсеткіш бойынша күніне 50 адамдай келеді. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ,18-65 жас аралығындағы үлкен кісілерді әрқашан тексеріп тұрамыз, – дейді Әйгерім Садуақасова.

Шарифуллин Рустам Марсилович тұрақты тромбоциттер доноры. Қазір 54 жаста, ал донорлықпен 1991 жылдан бастап айналысуда.

– Әрине, кейбір кезде тапсыра алмаған кезеңдер болды. Алайда, сол жылдан бастап үзбей тапсыруға тырысып келемін. Қал жағдайым өте жақсы. Осындай жастағы адамдар арасында өзімнің жағдайым әлде қайда керемет деп ойлаймын. Физикалық тұрғыдан ешқандай үйреншіктік жоқ. Басқа адамдарға көмектесе алсам, неге донор болмасқа? Тіпті, ешқандай зияны да жоқ, керісінше денсаулыққа пайдалы, – дейді Рустам Шарифуллин.

Аяжан СЕРІК,
Суретті түсірген
Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77